Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Міндетті зейнетақы жарналары өсті: Қазақстандағы жұмыс берушілер енді қанша төлейді?

0

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) биыл ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің табысының 3,5 пайызы болғанын еске салды. Дәл осы соманы жұмыс беруші қызметкер үшін БЖЗҚ-ға аударуға міндетті.
ЖМЗЖ жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді. Былтыр мөлшерлеме 2,5 пайыз болса, 2024 жылы 1,5 пайыз болған.
Жоспар бойынша, 2027 жылы жарна мөлшері - 4,5 пайыз, ал 2028 жылы 5 пайыз болады.
Анықтама: ЖМЗЖ - бұл жұмыс беруші қызметкердің өз міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін жарналар.
ЖМЗЖ кімдерге төленеді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуға міндетті.
ЖМЗЖ 1975 жылы туған және одан кейін туған азаматтарға арналған. Бұл санаттағы адамдардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі аз немесе мүлде болмағандықтан, олар ынтымақты зейнетақы алу құқығына толық ие бола алмайды. Нәтижесінде олардың зейнетақысы үш бөліктен тұрады:

базалық - мемлекеттен;
жинақтаушы - қызметкердің өз жарналары есебінен;
шартты-жинақтаушы - жұмыс берушінің жарналары (ЖМЗЖ) есебінен.

1975 жылдан бұрын туған қызметкерлерге, зейнеткерлерге, 1–2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға жұмыс берушілер ЖМЗЖ төлемейді. Төлемдердің уақтылы аударылуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды.
ЖМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады. Алайда тұрақты тұру үшін шетелге көшкен немесе азаматтығын өзгерткен жағдайда бұл төлемдер тоқтатылады. Бұл ретте тек қызметкердің жеке жинақтаушы жарналарын ғана алуға болады, ал ЖМЗЖ қаражаты БЖЗҚ-да қалады, өйткені ол қызметкердің меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Азаматтығын өзгерткен немесе қайтыс болған адамдар үшін аударылған жарналар жүйе қатысушылары арасында қайта бөлінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net