Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақорда: парламент реформасы бойынша 500-ге жуық ұсыныс түсті

0

Қазақстанда парламент реформасын жүзеге асыру бойынша халықтан 500-ге жуық ұсыныс түскен. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ұсыныстар e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы қабылданған. «Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жалғасып жатыр» делінген Ақорда хабарламасында.

Бұл жөнінде 6 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және президенттің құқық мәселелері жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесінде айтылған.

Қазақстанда қазіргі қос палаталы парламенттің орнына бір палаталы парламент құру ұсынылған. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында айтқан. Оның айтуынша, парламент депутаттары тек партиялық тізіммен сайлануы қажет.

2026 жылғы 5 қаңтарда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Тоқаев: «Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арнал­ған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады» деген.

Тоқаевтың айтуынша, Конституцияға көп өзгеріс енгізілетіні сондай, «жаңа Конс­титуция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады».

Биліктің жоспары бойынша, ұсыныстар биыл талқыланып, 2027 жылы референумға шығарылуы керек.

Ақорданың хабарлауынша, 9 қаңтарда өтетін парламент реформасы және Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобының кезекті отырысында «ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралады».

Президенттің ұсынысын кейбір сарапшы «авторитар сипаттағы басқару жүйесінің» «болмысын өзгертпей жетілдіру талпынысы» десе, енді бірі «билік транзитіне дайындық» деп атаған. Ал сарапшы Димаш Әлжанов Конституцияға «қоғамға әзірше ашық айтылмай жатқан басқа да түзетулер енгізілуі мүмкін» деп болжаған.

Бұл – Тоқаев тұсындағы Конституцияға енгізілетін алғашқы түзету емес. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан соң Тоқаевтың ұсынысымен өткен референдумда Конституцияға 56 өзгеріс енгізілген. Көп өзгерістің ішінде парламент депутаттарының бір бөлігін мажоритарлық жолмен сайлау тәртібі де бар. Сол кезде билік мұны «Жаңа Қазақстан» қалыптастырудағы «тарихи қадам» деп сипаттаған.

Сол жылы күзде Конституцияға жаңа өзгеріс енгізіліп, президенттің өкілеті бес жылдан жеті жылға ұзартылған және бір адам тек бір рет президент болып сайлана алады деген ереже енгізілген.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net