Әбіш шығармаларының өміршеңдігі мен өзектілігі
Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Жолдықызы Дабысовамен Әбіш шығармашылығы жайында сұхбатты назарларыңызға ұсынамын
-Әбіш Кекілбаев шығармашылығының өзектілігі мен өміршеңдік деңгейі қандай?
Ә.Кекілбаевтың қаламгер ретінде 13 әңгімесі, 10повесть, 3 тарихи романы, екі өлеңдер жинағы қалды. Сондай-ақ, аударма саласында да өнімді еңбек етіп, бірнеше шетел жазушыларының шығармаларын ана тілімізде сөйлетті. Жазушының қай шығармасын алып қарасақ та қазақ халқының тарихы мол қамтылып, салт-дәстүрлері кеңінен дәріптеледі. Жазушы әңгімелеріндегі көптеген кейіпкерлер ауылда туып, қатаң табиғаттың қаталдығына көніп, тағдырына табандылық көрсеткен, адамгершілік жолынан аттамай, арын таза ұстаған қарапайым адамдар. Романдары:«Аңыздың ақыры»-әйгілі Ақсақ Темір туралы болса, Үркер, Елең-алаң романдары XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы ең...
