Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан өңірлерінен жұрт көшіп жатқанымен, елде халық саны артқан

0

Былтырғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 млн 478 мың 900 адам болған. Яғни, жыл басынан бері халық саны 0,96 пайыз көбейген. Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты.

Әйткенмен өңірлердегі демографиялық ахуал біркелкі емес. Қаңтар-қараша айларында елдің 20 өңірінің 12-сінде халық саны азайғаны тіркелген.Мысалы, Шымкенттен басқа оңтүстіктегі облыстардың бәрінде, Астана қаласы мен Ақмола облысын қоспағанда солтүстік өңірлердің барлығында, сондай-ақ шығыстағы және орталықтағы облыстарда, оған қоса Батыс Қазақстан облысында халық саны кеміген.

Өңірлердегі халықтың азаюы негізінен көші-қонның теріс сальдосымен байланысты: тұрғындар ірі қалаларға қоныс аударып жатыр. Ішкі мигранттар көп баратын Астана қаласында 2025 жылдың 11 айында халық саны 6,67 пайыз өскен. Бұл Шымкенттегі жиынтық өсімнен (2,77 пайыз) және Алматыдағы өсімнен (2,31 пайыз) жоғары көрсеткіш.

Мегаполистерден бөлек, көші-қонның оң сальдосы Алматы және Маңғыстау облыстарында ғана тіркелген. Қалған өңірлердің бәрінде көшіп келушілерден көшіп кетіп жатқандар көп.

2025 жылы Түркістан облысынан басқа жаққа қоныс аударғандар көп болды: бұл өңірден 39,9 мың адам көшіп кеткен. Одан кейінгі орындарда Жамбыл облысы (19,9 мың адам) мен Жетісу облысы (11,6 мың адам) тұр.

Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында көші-қонның теріс сальдосымен қатар, табиғи кему де байқалады, яғни жаңа туған бала санынан қайтыс болған адам саны көп. Солтүстік Қазақстан облысы халық саны бойынша салыстырмалы түрде ең жоғары қысқару қарқынымен де алда тұр – 1,42 пайыз. Одан кейін Абай облысы (1,13 пайыз) және Ұлытау облысы (0,94 пайыз) орналасқан.

Былтырғы жылдың он айында елде қала халқының саны 1,88 пайыз өсіп, 13 млн 13 мың адамға жеткен. Ал ауыл халқының саны 0,59 пайыз азайып, 7 млн 465 мың 800 адам болған. Осылайша, қала тұрғындарының үлесі 63,5 пайызға дейін артса, ауыл халқының үлесі 36,5 пайыз болып отыр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net