Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Валюта нарығындағы ахуал: теңге желтоқсанда нығайды

0

2025 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 505,73 теңгеге дейін 1,3 пайызға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығына қатысты ақпараттық хабарламасында айтылған.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір ай ішінде 280 млн АҚШ долларынан 359 млн АҚШ долларына дейін артты. Желтоқсан айындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 7,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 525,10 теңгеден 505,73 теңгеге дейін нығайып, жылдық өсім 3,7 пайызды құрады. Валюта нарығындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі жылдық есеппен 15 пайызға ұлғайып, 63 млрд АҚШ долларына жеткен.

Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету және «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырын салу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыру мақсатында 2025 жылғы желтоқсанда Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларына валюта сатылған. Бұл жалпы сауда көлемінің шамамен 5 пайызына немесе күніне орта есеппен 18 млн АҚШ долларына тең. Жалпы алғанда, 2025 жылы Ұлттық қордан 8,2 млрд АҚШ долларына валюта сатылды.

Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттерді конвертациялау жөніндегі алдын ала болжамды өтінімдеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 350-450 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатады деп күтіліп отыр.

— Айналау операциялары аясында желтоқсан айында 475 млрд теңге алынды. 2025 жылы алтын-валюта резервтерінен айналау операциялары арқылы сатылған валютаның көлемі 7 млрд АҚШ долларын құрады.

2025 жылы алынбай қалған өтімділікті ескере отырып, айналау операциялары мен мемлекеттің басым құқықты жүзеге асыруынан туындайтын болжамды эмиссияны бейтараптандыру, сондай-ақ алтын бағасының елеулі өсуі аясында 2026 жылғы бірінші тоқсанда шамамен 1,1 трлн теңге баламасында шетел валютасын сату жоспарланып отыр, — делінген ақпаратта.

Ұлттық банк Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде және айналау тетігін іске асыру барысында нарықтық бейтарап қағидатты ұстанатынын атап өтті. Бұл шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сатуды көздейді.

Желтоқсан айында Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында өткен айда шамамен 315 млн АҚШ доллары сатылған.

БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі 40 пайыздан жоғары екенін ескере отырып және бұрын жарияланған жоспарға сәйкес, желтоқсан айында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алу жүргізілген жоқ. Қаңтар айында да валюта сатып алу жоспарланбайды.

Ұлттық банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты ашық түрде жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді. Қысқамерзімді кезеңде теңге бағамының динамикасы нарық қатысушыларының күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы жағдайға және геосаяси ахуалға байланысты болмақ. Ұлттық банк алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған икемді айырбас бағамы режимін ұстануды жалғастырады.

Айта кетейік, Ұлттық банк зейнетақы жинағына қатысты кеңес берді.

Сообщение Валюта нарығындағы ахуал: теңге желтоқсанда нығайды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net