Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағаларын тексерді

0

ҚР Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасына мониторинг жүргізді.

Өңір басшысы Тараз қаласындағы «Корзинка» супермаркетін, «Нүрилә» дүкенін және әлеуметтік дүкенді аралап, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын зерделеді.

– Мереке күндері азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмеуі тиіс. Баға қатаң бақылауда болуы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, өңірлік тұрақтандыру қорындағы өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен тауарлық интервенциялар тетігі арқылы ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендерге жеткізілуде. Бұл өз кезегінде сауда субъектілері арасында бәсекелестікті арттырып, бағаның шарықтауына жол бермейді.

Бүгінде интервенция аясында 326 тонна картоп, 19,3 тонна қырыққабат, 30 тонна сәбіз, 89,5 тонна қант, 36,3 мың литр күнбағыс майы, 89,6 мың дана тауық жұмыртқасы, 1 тонна тұз және 500 килограмм күріш сауда орындарының сөрелеріне шығарылды.

Қазіргі таңда Тараз қаласында 16 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді, қосымша тағы 3 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда. Бұл дүкендерде жергілікті тауар өндірушілер мен тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылады. Нәтижесінде әлеуметтік дүкендер қала тұрғындарының 11 пайызын, оның ішінде аз қамтылған отбасылардың 100 пайызын қамтып отыр.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап облыс орталығында 5 алаң белгіленіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері күн сайын өткізілуде. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Фиркан», «Көтерме саудагер», «Даниал Даму», «Арзан Сити» супермаркеттер желілерінде «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылуда.

2025 жылдың басынан бері тауар өндірушілер мен көтерме жеткізушілер, сондай-ақ бөлшек сауда субъектілері арасындағы артық делдалдарды жою бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ӘМАТ өнімдеріне 15 пайыздан жоғары сауда үстемесін қолдану бойынша 117 құқықбұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде 85 кәсіпкерге жалпы сомасы 933 850 теңге көлемінде айыппұл салынды, қалғандарына ескерту берілді.

Тұрақтандыру қорында азық-түліктің 13 түрі бойынша жеткілікті қор қалыптастырылған.

Сообщение Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағаларын тексерді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net