Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

DEMOSCOPE: халық табыстың төмендігі, қымбатшылық пен жемқорлыққа алаңдайды

0

Қазақстан халқын табыстың төмендігі, қымбатшылық пен жемқорлық көбірек алаңдатады. DEMOSCOPE қоғамдық пікірді зерттеу бюросының сауалнамасы осыны көрсеткен.

Бюро қарашаның соңы мен желтоқсан басында "Қазақстандағы 2025 жылғы мейлінше маңызды оқиғалар" атты сауалнама жүргізген.

"Сауалнама қоғамда үрей деңгейі жоғары екенін, халық мемлекеттің реформаларын күмәнмен қабылдайтынын және үкіметке сенім деңгейі төмен екенін көрсетті. Екінші жыл қатарынан азаматтарды алаңдатып отырған мейлінше өткір мәселелер тізімі өзгеріссіз қалып отырғаны да көп жайттан хабар береді. Өткен жылмен салыстырғанда, кері динамика байқалады" деп жазды сауалнама авторлары.

Респонденттердің 41 пайызға жуығы – табыстың төмендігіне (2024 жылы – 37,6%), 35.6 пайызы – қымбатшылыққа (былтыр 28,3% болған), 32 пайызы (2024 жылы – 26,8%) жемқорлыққа алаңдайтындарын айтқан.

Бұған қоса, респонденттер 2025 жылы төмендегі мәселеге алаңдағанын жеткізген:

Денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттанбау (26,8%)Қоршаған ортаның ластануы (24,4%)Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы деңгейінің төмендігі (23,9%)Баспанаға қол жеткізу қиындығы немесе оның жағдайының нашарлығы (23%)Білім беру жүйесіне қанағаттанбау (18,4%)Жұмыс орындарының жетіспеуі және жұмысқа тұрудың қиындығы (17,4%)Көлік инфрақұрылымының нашарлығы (жол, жиекжол және тағы басқа) (11,7%).DEMOSCOPE бюросы қазақстандықтардан "жақсарды-нашарлады-өзгерген жоқ" деген принцип бойынша негізгі әлеуметтік салалардың жай-күйін бағалауды сұраған.

"Нашарлады деген қатарда үшінші жыл қатарынан экология тұрғаны назар аудартады: 49,4% респонденттің пікірі осындай. 41,9% өмір сапасы төмендеді деп санайды. Бұдан әрі қарай тізімде экономика тұр, респонденттердің 39,1%-ы бұл салада кері кету байқалды дейді. Жұмыссыздық пен жұмысқа тұру саласы да кері кетті деп санайды (35%)" деп жазылған зерттеуде.

Дегенмен қазақстандықтар бірқатар салаларда оң өзгеріс байқалғанын айтқан.

"Мәселен, қазақстандықтардың үштен бірі білім беру жүйесінде (31,7%) және заң мен қауіпсіздік саласында (31,7%) жағдай жақсарды деп есептейді. Көпшіліктің пікіріне сүйенсек, денсаулық сақтау (42,5%) мен саяси және азаматтық құқықтар (34,4%) саласында жағдай өзгермеген" деді зерттеу авторлары.

"Өмірдің маңызды салаларында жағдай нашарлағанына қарамастан, қазақстандықтардың көпшілігі оптимистік күйді сақтап отырғаны таңғалдырады" дейді зерттеушілер.

"Респонденттердің жалпы 62,6%-ы өтіп бара жатқан 2025 жыл жағымды болды деп санайды. Оның ішінде 31,7%-ы 2025 жыл жағымды болды деуге болады десе, 30,9%-ы өте жағымды болды деп санайды. 12,2% ғана биылғы жылды жағымсыз деп атаған. 2026 жылды болжауда да жағымды көңіл-күй сақталып отыр. 65,5% респондент биылғыдан жақсы болады деп күтеді. 12,1% пессимизммен қараса, 12%-ы жаңа жыл да шамамен 2025 жыл сияқты болады деп ойлайды" деп жазды зерттеу авторлары.

Бюро өкілдері қазақстандықтардан 2025 жылдың ең маңызды 5 оқиғасын атауды да сұраған. Нәтижесі төмендегідей болып шыққан:

«Қайрат» футбол клубының чемпиондар лигасына шығуы, «Реал Мадрид» командасының Алматыда ойнауы – 10,8%;Бағаның өсуі, инфляция – 8,1%;Жеке жағдайлар – 5,5%;Спорттағы жетістіктер (Геннадий Головкиннің World Boxing президенті болып тағайындалуы, теннисші Елена Рыбакинаның қорытынды турнирдегі жеңісі және тағы басқа) – 4,5%;Қылмыс, зорлық-зомбылық – 3,6%.Зерттеу өкілдері сауалнама кезінде респонденттерден биліктің бастамалары туралы жеке пікірлерін де сұраған.

Атап айтқанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенатты таратып, парламентті бір палаталы ету жөніндегі ұсынысы туралы сұрақ болды.

Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 40,4%-ы ұсынысты қолдаса, 30,2%-ы ол жөнінде ештеңе естімеген болып шыққан, 13,4%-ына – бәрібір, ал 5,5%-ы идеяны қолдамайды.

Әлеуметтанушы, Paperlab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев бір палаталы парламент идеясын қолдаған 40% конституциялық реформаға деген қоғамның сұранысын көрсетпейді деп санайды.

"Біз бұл арадан патернализм мен билікті бір қолға шоғырландыру деңгейін көреміз. Бұл сұрақта «президент ұсынды» деген тіркес шешулі рөл ойнады деп ойлаймын, мұндай жағдайда заңдылық бір жақта қалып, көшбасшының жеке басын қолдау автоматты түрде оның бастамасын да мақұлдауға айналып шыға келеді. Тоқаевқа бейіл аудитория бар, бұл сұраққа жауапта сол аудиторияның ұстанымы көрініс тапса керек" деді Серік Бейсембаев. Оның пікірі бюроның хабарламасына қосылған.

Сауалнама 2025 жылдың 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында жүргізілген. Оған Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 1100 адам қатысқан.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net