Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2025

Алматы қаласы отшашудан бас тартуы мүмкін

0

Алматы қаласы әлемдегі ең лас қалалардың қатарынан табылып жатқан шақта қала билігі отшашуға (фейерверк) тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады. Бұл жөнінде әкімдіктің ресми жауабына сүйенген “Тамшы” жобасы жазды.

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматы қаласының ауа ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін жүйені қалыптастыру үшін “Арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы” мәслихат шешімінің жобасы әзірленген. Осы жоба аясында Алматы қаласының аумағында фейерверктерді пайдалануға тыйым салу мәселесі қарастырылып отыр.

«Сонымен бірге Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларының жобасы ведомствоаралық келісудің негізгі кезеңдерінен өтті. Жоба бойынша қоғамдық кеңестің, сараптамалық кеңестің қорытындылары, реттеушілік әсерді талдау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта жоба әділет министрлігінде келісу сатысында тұр. Одан кейін Алматы қаласының мәслихатына бекітуге енгізілетін болады» деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Әзірге түпкілікті шешім қабылданбаған.

Жергілікті билік Алматы қаласы әлемдегі ең лас қалалар рейтингісінің бас жағында тұрған шақта осындай мәселені қарастырып жатыр. Әлеуметтік желіде жаңа жылдық отшашу мен пиротехникалардан бас тарту туралы үндеулер де шығып жатыр.

Алматы қаласы ауасының нашарлығына бірінші кезекте көлік түтіні және жылу электр орталықтары, өнеркәсіп пен жеке секторлардан шығатын көмір түтіні және өзге де факторлар әсер етіп жатқаны белгілі. Дегенмен мамандар отшашу мен пиротехниканың онсыз да түтінге бөгілген қаланың атмосферасын онан сайын нашарлатып, жағдайды күрделендіріп жіберетінін айтып отыр.

Ғылыми дерек бойынша, пиротехника қолданылған кезде PM2.5 деңгейі қысқа уақытта әдеттегі дәрежеден 6-20 есе жоғарылауы мүмкін.

Almaty Air Initiative қоры өкілдерінің сөзінше, отшашу кезінде атмосфераға мынадай ластайтын заттар бөлінеді:

PM2.5 және PM10 ұсақ бөлшектері – тыныс алу жүйесіне еніп, жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырады;ауыр металдар (барий, мыс, қорғасын, хром, стронций, алюминий, марганец) – тіпті аз мөлшерде улы және қоршаған ортада жиналады;күкірт және азот қосылыстары (SO₂, NO₂) – тыныс жолдарын тітіркендіріп, екінші реттік ластағыштардың түзілуіне ықпал етеді;перхлораттар – топырақ пен суды ластап, эндокриндік жүйеге кері әсер етуі мүмкін;көміртегі оксиді (CO) және көмірқышқыл газы (CO₂).Дегенмен Алматы қаласында жүргізілген кей сауалнамаға қарағанда, қала тұрғындарының айтарлықтай бөлігі отшашуды қолдайды.

Мәселе экология ғана емес, қауіпсіздік жөнінде де болып отыр дейді кейбір экобелсенділер. Қатты дыбыс жүрек-қантамыр ауруы бар адамдарға, қарттар мен балаларға кері әсер етуі мүмкін. Бұған қоса, ит-мысық, өзге де жануарларға, құстарға теріс әсері бар.

Ресми мәлімет бойынша, кейінгі бес жылда Алматыда пиротехникамен байланысты оннан астам өрт болған. Қазақстан бойынша былтыр Жаңа жыл кезінде пиротехниканың салдарынан 63 адам жарақаттанған, оның 22-сі – бала. Ең көп оқыс оқиға Алматыда тіркелген.

Ашық дереккөздерде Алматы әкімдігінің жаңа жылдық отшашуларға қанша ақша жұмсағаны айтылмайды. Былтыр Алматы әкімдігі жаңа жылдық безендірулерге шамамен 800 млн теңге жұмсаған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net