Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2025

Қазақстанда 2026 жылдан бастап ең төменгі баға қалай есептеледі

0

Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен 2026 жылдан бастап ең төменгі баға қойылатын тауарлар тізбесі мен оны есептеу қағидалары бекітілді.

Тауарлар тізбесі екі топқа бөлінген:

Қазақстанда өндірілетін тауарлар, оның ішінде:

– этил спирті, коньяк және арақ;

– тауық жұмыртқасы;

– бидай ұны және бидай;

– күнбағыс майы;

– ашытқы;

– сүзбе және балқытылған ірімшіктер;

– көкөністер (картоп, қырыққабат, сәбіз), алма;

– макарон өнімдері;

– ет және шұжық өнімдері;

– минералды тыңайтқыштар;

– антифриз;

– минералды мақта және басқа да позициялар.

Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар:

банан, апельсин, мандарин, құрма, шампиньон, көкжидек, кейбір органикалық еріткіштер мен отқа төзімді керамикалық материалдар тағы басқа.

Ең төменгі баға қалай есептеледі

Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 28 ақпанға, 31 мамырға, 31 тамызға және 30 қарашаға дейін уәкілетті мемлекеттік статистика органынан әр тауар түрі бойынша соңғы үш айдың кәсіпорындардан өндірушілердің орташа бағасын сұратады. Өндірушілерінің орташа бағасы тауардың өлшем бірлігіне шаққандағы теңгемен беріледі.

Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 15 наурыздан, 15 маусымнан, 15 қыркүйектен және 15 желтоқсаннан кешіктірмей әр тауар түрі бойынша ең төмен баға деңгейін есептеп, оны kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялайды.

Есептеу тәсілі

Қазақстанда өндірілетін тауарларға арналған ең төменгі баға деңгейі:

— кәсіпорындар өндірушілерінің орташа бағасы мен әкелінетін тауарлардың орташа құнының арифметикалық ортасы арқылы есептеледі.

Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар бойынша ең төменгі баға:

— кедендік құнды бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпараттың орташа мәні мен соңғы үш айда Қазақстанға әкелінген тауарлардың орташа құнының арифметикалық ортасы ретінде айқындалады.

Бұл көрсеткіш тек тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасын есептеу үшін қолданылады.

Ең төмен баға деңгейі жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, 1 сәуір мен 30 маусым, 1 шілде мен 30 қыркүйек, сондай-ақ 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында айқындалады.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, таяуда ғана Сауда министрлігі баға өсімін тежеу үшін ерікті келісімдер жасау бастамасын көтерді.

Еске салайық, Сауда министрлігі бұған дейін де баға тұрақтылығына бақылаудың күшейетінін мәлімдеген еді.

 

Сообщение Қазақстанда 2026 жылдан бастап ең төменгі баға қалай есептеледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net