Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2025

Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады

0

Елімізде ҚР Үкіметі атынан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Carlsberg Central Asia» ЖШС арасында жасалған келісім шеңберінде алкогольсіз сусындар зауытының құрылысы басталады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысының Іле ауданында халықаралық стандарттарға сай озық технологиялармен жабдықталған заманауи өндірістік кешен салынады.

Инвестициялардың жалпы көлемі 216 млрд теңгеден асады, ал кәсіпорынның қуаты жылына 340 млн литр алкогольсіз сусындар шығаруға негізделген. Жаңа зауыттың іске қосылуы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібінің дамуына, сондай-ақ экспорттық әлеуеттің артуына ықпал етеді.

Жоба отандық шикізат пен материалдарды пайдалану есебінен импортты алмастыруға және локализациялау деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады, оның ішінде жұмыс күшінің кем дегенде 85%-ы Қазақстан азаматтары болады.

Отандық кадрларды даярлау үшін арнайы оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламалары әзірленген. Өндіріс 2025–2040 жылдар аралығында бюджетке 43,5 млрд теңгеден астам қосымша кіріс әкеледі деп жоспарланған. Энергия үнемдеу технологияларын енгізу, суды ұтымды пайдалану және басқа да экологиялық аспектілерге ерекше назар аударылады.

Қазақстанның инвестициялық саясатына сәйкес, келісімде инвесторларға салықтық жеңілдіктер және оның қолданылу мерзімі аясында шарттардың тұрақтылығына кепілдік қарастырылған.

Жоба Қазақстан Үкіметі жанындағы Инвестициялық штаб тарапынан сүйемелденеді. Әкімшілік рәсімдерді жеделдету, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, жобаның сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде айтарлықтай көмек көрсетілді.

Сондай-ақ Инвестициялық штаб алаңында инвесторлар мен Үкімет арасындағы өзара міндеттемелер талқыланды.

Ірі трансұлттық корпорацияларды тарту – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі.

Айта кетейік, елімізде жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Таразда жылына 2 мың дана ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынады.

Сообщение Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net