Ғаламда сан түрлі қорқыныш бар. Нақтырақ айтсақ, әлемде шамамен 500-ден астам фобия түрі тіркелген деп есептеледі. Дегенмен бұл толық тізім деп айту қателік — біз біле бермейтін, сирек кездесетін фобиялар да көп. Мысалы: хемофобия — химиядан қорқу; филофобия — ғашық болудан қорқу; фармакофобия — дәрі қабылдаудан қорқу; фагофобия — тағамды жұтудан қорқу; трискаидекафобия — 13 санына байланысты қорқу; эритрофобия — бетінің қызаруынан қорқу; эфебифобия — жасөспірімдерден қорқу; арифмофобия — сандардан қорқу; хронофобия — уақыттың өтуінен қорқу; погонофобия — сақал-мұрты бар адамдардан қорқу; аулофобия — флейта немесе оның үнінен қорқу; омброфобия — жаңбырдан қорқу. (Ескерту: фобиялардың атаулары әр тілде...