Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2025

Қазақстанда жәрдемақыдан 1 миллиард ұрланды: алаяқ схема әшкереленді

0

Қаржы мониторингі агенттігі жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек түріндегі әлеуметтік төлемдердің заңсыз тағайындалу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпы, 2024–2025 жылдар аралығында агенттіктің өндірісінде 1,2 млрд теңге көлеміндегі залалмен 13 соталды тергеу жүргізілді.

Жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды заңсыз тағайындау деректері бойынша 10 іс тергеліп, олардың заңсыз схемаларды ұйымдастырған 15 адам жауапқа тартылды.

Жалған жұмыспен қамту арқылы 385 жүкті әйелге шындыққа сай келмейтін мәліметтер негізінде жәрдемақы тағайындалып, бұл мемлекетке 1 млрд теңгеден аса шығын келтірді.

Мысалы, Ақтөбе облысында Үмірбекова мен Баймұрзаева 70 жүкті әйелді 29 жеке кәсіпкерлікке жалған түрде жұмысқа орналастырып, 487 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкент қаласында Дүйсенова осыған ұқсас қылмыс жасап, мемлекетке 98 млн теңге залал келтіргені үшін 5 жылға сотталды.

Анықталған барлық істе қылмыстың жасалу тәсілі бірдей болған.

Қаскүнемдер жүкті әйелдерді арнайы құрылған жеке кәсіпкерліктерге жалған жұмысқа орналастырып, өткен күнмен ең жоғары әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын рәсімдеген. Осылайша, олар көтеріңкі төлемдер алуға негіз жасаған.

Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген бюджет қаражатын ұрлау деректері бойынша да 15 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 3 соталды тергеу басталды.

Ұрлау схемасы бас бухгалтердің сенімді тұлғаларды әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енгізуінен тұрған. Бұл адамдар әлеуметтік осал топқа жатпаған.

Осы деректер негізінде төлем тапсырмалары рәсімделіп, басшылықпен бекітілгеннен кейін қаражат жалған тұлғалардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыбайластар арасында бөлінген.

2023 жылдан бастап құжаттарды рәсімдеу мен әлеуметтік осал топ мәртебесін eGov порталы арқылы алу процесінің цифрландырылуының арқасында мұндай алаяқтықтарға жол берілмейтін болды.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды, сондай-ақ қылмыстардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында Агенттік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті ұсыныстар жолдады.

Атап айтқанда, қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілді: жәрдемақыларды тағайындау кезінде енді "өткен" күнмен төленген зейнетақы жарналары ескерілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net