Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2025

Министрлік зейнетақы тағайындау ережесіне түзету енгізді

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы тағайындау ережесіне түзету енгізді. Енді бала күтімімен өткен жылдар еңбек өтіліне тек аналарға емес, әкелерге де есептеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Егер ер адам бала үш жасқа толғанға дейін үйде отырып, оның күтімімен айналысса, бұл кезең де оның еңбек өтіліне қосылады. Дегенмен, бұл уақыт 12 жылдан аспауға тиіс. Осылайша Қазақстанда бала тәрбиелеген әкелерге де жасы бойынша зейнетақы есептеу кезінде тең құқық берілмек. Түзету енгізілген құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 24 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

"Бұл түзету үш жасқа толмаған балалардың күтімімен айналысқан, бірақ жұмыс істемеген әкелердің жасы бойынша зейнетақы мөлшерін тағайындаудағы құқықтарының іске асырылуындаболған кемсітушілікті жоюға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.

Қазіргі жағдай
Қазақстанда жыл сайын шамамен 200 мың адамға жасы бойынша зейнетақы тағайындалады. 2024 жылы 191 мың адам зейнетке шықса, олардың 106 мыңы – әйелдер.
Орташа зейнетақы төлемі - айына 116,2 мың теңге. Бүгінгі таңда зейнетақы есептеу кезінде жұмыс істемеген ананың бала үш жасқа толғанға дейінгі күтімі есепке алынады. Бұл кезең декреттік демалыста болған "жаңа" зейнеткерлердің шамамен 30 пайызына есептелген. Мысалы, 2024 жылы бала күтімімен өткен уақыт 52 мың әйелдің еңбек өтіліне қосылды.
Ал әзірге бұл норма тек аналарға қолданылады,ал бала күтімімен айналысқан әкелерге есептелмейді.
Қазақстандағы әкелердің декреттік демалысыҚазақстанда бала күтімі бойынша демалысты үш жасқа дейін ана ғана емес, әке де ала алады. Бұл демалыс жалақы сақталмай беріледі, бірақ жұмыс орны сақталады. Бұл кезеңде жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан босатуға құқылы емес.
Контекст
Бұл түзетуді енгізуге министрлікті сот міндеттеген. Ақпанда бір қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді, себебі Кодексте бала күтімімен өткен уақыт еңбек өтіліне тек ана үшін есептелетіні жазылған болатын.
Ер адам екі айлық ұлын күту үшін жұмыстан шыққан. Өйткені жұбайы сырқат болып, оған қарауға мүмкіндігі болмағанын айтты. Бірақ кейін бұл кезең оған еңбек өтіліне есептелмегенін білген. Сот заңға сүйеніп, оның талабын қанағаттандырудан бас тартты, содан кейін ер адам Конституциялық сотқа жүгінді. Конституциялық сот оның талабын орынды деп танып, бала күтімімен өткен уақыт еңбек өтіліне ата-ананың қайсысына да есептелуге тиіс екенін нақтылауды міндеттеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net