Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2025

“Ештеңе істей алмайсың“. Тойда соққыға жығылған әнші өзіне қоқан-лоқы жасалғанын айтты

0

Түркістан облысында бұрынғы қайын атасы тойда ән айтқан келінін бірнеше рет ұрып жіберген. Оқиға видеокамераға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Жәбірленуші әйел осы жағдайдан кейін өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 31 тамызда Түркістан облысы Төле би ауданындағы "Зағамбар" мейрамханасында болған. Тойда ән айтып тұрған 27 жастағы Азода Тұрсынмұрадоваға бұрынғы күйеуінің әкесі кенет шабуыл жасап, бірнеше рет ұрған. Зардап шеккен қыздың айтуынша, ол кезде ер адам қатты мас болған.
"Тамақ ұнамаса да ұра салатын"
Азоданың айтуынша, ол 2019 жылғы шілдеде тұрмысқа шыққан, бірақ неке ұзаққа созылмаған: сол жылдың қарашасында олар ажырасып кеткен.
Ол бұрынғы күйеуінің де, қайын атасының да жиі қол көтеретінін айтты.

"Бұрынғы күйеуім себепсіз ұратын, тепкілейтін. Қайын атам да әйеліне тамақ ұнамаса ұра салатын. Күйеуім іссапарға кеткенде, маған да қол көтеретін. Үйде үнемі ұрыс-керіс болатын", – дейді ол.

Ажырасқан соң туыстары оны қайтаруға тырысқан, бірақ ерлі-зайыпты түбегейлі ажырасып кеткен.
"Саған ешкім көмектеспейді"
Тойдағы оқиғадан кейін қыз бұрынғы қайын атасына полицияға арыз жазған. Осыдан кейін оған бұрынғы күйеуі қоқан-лоқы жасай бастаған.

"Әкемнің үстінен неге арыз жаздың? Бұған жауап бересің! Қойсын, отырсын, бірақ бір күні бәрібір өшімді аламын. Қазір полиция бар, бірақ олар жоқ кезде саған ешкім көмектеспейді", – деп қыз оның сөзін келтіреді.

Қыздың айтуынша, қоқан-лоқылар әлі де жалғасып жатыр. Ол бұрын бірге тұрған кезде де күйеуі үйді өртейміз деп қорқытқанын еске алды.

"Мен ол кезде-ақ қорқып, тыныш ажырасуды ұйғардым. Қызымды, ата-анамды ойладым, сол үшін полицияға бармадым. Содан бері ол екі рет үйленіп, қайта ажырасқан", – деді ол.

"Абыройымды төккісі келді"
Ажырасқан соң Азода бұрынғы күйеуінің отбасымен араласуды мүлдем тоқтатқан. 2023 жылы ол әнші мансабын бастап, тойларда өнер көрсете бастаған.
Оның сөзінше, бұрынғы күйеуінің отбасы оның қоғамда танылып жүргенін қабылдай алмаған.

"Меніңше, ол мені жүздеген адамның алдында абыройсыз еткісі келді. Бұл той бұрынғы күйеуімнің туыстарының тойы екенін де білмедім. Тойға барарда, кімдер болатынын сұрамайсың ғой", – дейді ол.

Қыздың айтуынша, қайын атасы кешірім сұрамаған және кінәсін мойындамайды. Оны ең қатты күйіндірген – оқиғаның видеосының әлеуметтік желіде кеңінен таралуы.

"Маған ондаған адам қоңырау шала бастады. Сол кезде мен оны қоғам алдында абыройымды төккені үшін жазалауды талап еттім", – дейді ол.

Қыздың айтуынша, сол күні бұрынғы қайын атасы оған екі рет қол көтерген.

"Алдымен ол қолымнан ұрды – сол сәтте микрофон өшіп қалды. Есімді жиып үлгермей жатып, екінші соққы жасалды. Ол соншалық қатты болды, мен бір жағына ұшып кеттім. Басымда шу пайда болып, не болып жатқанын түсінбей қалдым. Кейін ол маған бірнеше балағат сөз айтып, мен есімнен танып қалдым", – деп еске алды ол.

Зардап шегушінің айтуынша, сол күні оның әріптестері де таяқ жеген: жүргізушіні де қайын атасы ұрып, ал әкімшісін тойда болған тағы бір ер адам соққыға жыққан.

"Оны отырғыза ма, жоқ па – оны сот шешеді. Маған бастысы – оның жазадан құтылмай, лайықты жазасын алуы. Олардың бір тиыны да керек емес. Заң бойынша әділ шешім шықсын деп күтемін", – деді ол.

"Ештеңе істей алмайсың"
Жәбірленушінің қорғаушысы Халола Исаеваның айтуынша, бастапқыда қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 109-бабы ("Ұрып-соғу") бойынша қозғалған, бірақ кейін ол 293-баптың 1-бөлігіне ("Бұзақылық") ауыстырылған. Оның сөзінше, күдікті қамауға алынған.

"Моральдық және материалдық шығын мәселесін ол өзі шешеді. Кешірім сұраудың орнына, ол тарап Азодаға дөрекілік танытып, қоқан-лоқы жасай бастады. "Ештеңе істей алмайсың" деді. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр", – деді адвокат.

Бұған дейін Азода Тұрсынмұрадова полицияның әрекетсіздігіне шағымданып, видеоүндеу жазған болатын.
Зардап шегушінің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция бір сағаттан кейін ғана келген, ал учаскелік инспектор куәгерлерді сұрамай, оны татуласуға үгіттеген. Күдіктіні сараптамаға жібермеген, ал қыздың өзіне уақытылы медициналық тексеру тағайындалмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net