Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

Шымкентте аптап ыстық салдарынан электр желілері істен шықты

0

Қаланың бірқатар шағын аудандарында жарық сөніп, апатты жағдай тіркелді. Энергетиктер түстен бері электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының мәліметінше, ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты электр энергиясына сұраныс артқан. Бұл өз кезегінде желілердің шамадан тыс жүктелуіне және жарық беру жүйесінің істен шығуына әкелген.

Қазіргі уақытта жарықсыз отырған аумақтар қатарына Восток шағын ауданы, 112-ші квартал, сондай-ақ Хамза, Гагарин, Алпысбаев, Сеченов, Исмаилов, Адырбеков және Абай көшелері кіреді.

— «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС апаттық бригадасы толығымен жұмылдырылып, апат салдарын жою және электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жатыр. Жарықтың қайтадан өшпеуі үшін тиісті алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Фото: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан уақытта компания 24 шілде күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы электр өшірулер болатынын ескертті. Олар қаланың төрт ауданында жүзеге асады:

Тұран ауданы
Қазығұрт шағын ауданы: Ақжар-1 (27–35 үйлер), Баянауыл (1–90), Қызылқұм (1–85), Төлебаев (1–90), Ғабдуллин (1–90), Бақытты (1–70), С. Мұқанов (18–82).

Абай ауданы
Қайнарбұлақ тұрғын алабы: Вишневая, Виктория, Зеленая, Грушевая, Садовая, Абрикосовая, Орталық, Медиктер, Мичурин, Фабричная, Фруктовая, Клубничная, Энергетиктер, Металлистер, Ореховая, Дачная, Достық, Южная, Степная, Полевая, Строительная көшелері.

Жаңаталап шағын ауданы: Қасқабұлақ, Нұрсая, Абылайхан, Есбол қажы, Оспанов, Манлай ата, Жангелді батыр көшелері.

Қаратау ауданы
Таскен шағын ауданы — Пармен көшесі

Бозарық шағын ауданы — Бәйдібек би көшесі

Әл-Фараби ауданы
Қабанбай батыр көшесі (11, 11а, 11б, 13, 13а),

Володорский көшесі (2, 2а, 2б, 2в),

Текстильная,

Рашидов көшесі (25, 27),

Артельная (3, 3а, 3в, 12),

Әбдіразақов көшелері.

Синоптиктер ескерту жасап, Шымкент пен Түркістан облысында аптап ыстық сақталатынын айтты.

— 24 шілде күні Шымкент пен Түркістанда күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың таулы асуларында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, — деді «Қазгидромет» мекемесінің баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

 

Сообщение Шымкентте аптап ыстық салдарынан электр желілері істен шықты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net