Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

Ақбөкен етін жеу қауіпті ме? Министрлік жауап берді

0

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған "Ақбөкен етін жеу қауіпті, ол арқылы жұқпалы ауру жұғуы мүмкін" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы, аусыл, бруцеллез, пастереллез, сібір жарасы және тағы басқа) болдырмау мақсатында ақбөкендердің бүкіл популяциясына Ұлттық ветеринария референттік орталығы тұрақты түрде эпизоотиялық мониторинг жүргізеді.
Сонымен қатар, ақбөкендермен ортақ жайылымдар мен суаттарда ауыл шаруашылығы жануарларына да ветеринариялық қызмет тұрақты түрде мониторингтік зерттеулер жүргізіп отырады.
Айта кетейік, ақбөкендерді сою және биологиялық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша тиісті нормативтер қабылданған.

"Қазір ақбөкендердің санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 сою пункті жұмылдырылған. Барлық сою объектілері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай (мал союға арналған арнайы бөлмелер, тоңазытқыш камералар, ұшаларды ілуге арналған құралдар, сумен жабдықтау және т.б.). Ұшалар сою орындарына жеткізілген соң, олар ветеринариялық дәрігерлердің бақылауынан өтіп, ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізіледі", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, ақбөкен етіне міндетті зерттеулер жүргізіледі, олар: ұшаның, ішкі ағзалардың және басының органолептикалық қарауы; барлық қолжетімді лимфа түйіндерін жарып, ішкі ағзаларды тіліп тексеру; қайнату сынамасы; финнозға (цистицеркоз) зерттеу; жалпы радиациялық фонды анықтау.
Ұшаның ветеринариялық талаптарға сәйкестігі анықталған жағдайда, ет әрі қарай бөлшектеліп, өңделеді, ал қалдықтар залалсыздандырылады.
Ақбөкеннен алынған өнім ветеринариялық дәрігерлер берген анықтамамен сүйемелденеді. Бұл құжат өнімнің шыққан жерін, қауіпсіздігін және сапасын растайды.
Өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы қажет. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 22-бабына сәйкес, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізуге тыйым салынады.

"Сонымен қатар, ішкі сауда нысандарында ветеринариялық инспекторлар күнделікті бақылау жүргізеді. Олар: ветеринариялық анықтаманың және сою орнының таңбасының болуын; өнімді тасымалдау кезінде температуралық режимнің сақталуын; зертханалық бақылау нәтижелерін тексереді", - деді министрліктегілер.

Осыған байланысты, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тұтынушыларға ақбөкен етін арнайы белгіленген орындардан және ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана, тамақтану және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сатып алуды ұсынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net