Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті

0
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды салтанатты түрде марапаттады.
– Бұл байқау – тек үлгілі отбасыларды марапаттау ғана емес, сонымен қатар бірлігі жарасқан, берекелі шаңырақтарды көпшілікке танытып, өскелең ұрпаққа өнеге етудің жарқын үлгісі.
Ел Президенті бейбітшілік пен дамудың бастауы – отбасындағы тәрбие, көшедегі тазалық, қоғамдағы бірлік екенін үнемі айтып келеді. Әрбір берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Сондықтан бұл байқаудың мәні терең, маңызы зор.
Бүгін дара шыққан отбасылар – тек өз әулеттерінің ғана емес, барша облыс жұртшылығына үлгі, қазақ елінің мақтанышы, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев мемлекетімізде ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға, көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартуға тұрақты көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды Дауылбаевтар (Талас ауданы) және Шайхиевтер (Меркі ауданы) отбасы иеленді. Екінші орын Омаровтар (Мойынқұм ауданы) мен Абдуалиевтердің (Жуалы ауданы) шаңырағына бұйырды. Бірінші орын Әлімбетовтер отбасына (Байзақ ауданы) табысталды.
Бас жүлдені Бектасовтар әулеті жеңіп алды.
Байқауда топ жарған отбасылар – ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың арасында теміршолшылар, жұмысшы мамандар, кәсіпкерлер мен шаруалар, білім және мәдениет саласының майталмандары бар.
Жеңімпаздарға қаржылай сертификат табысталды (Бас жүлде  – 700 мың, І орын – 600 мың, ІІ орын – 500 мың, ІІІ орын – 400 мың).
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлтты байқауына 2700-ден астам отбасы қатысқан. Олардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы, ал 213-і – интернационалдық отбасылар.
Биыл конкурсқа Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 222 өтінім түсіп, олардың ішінен 22 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Сообщение Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net