Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

Дәрігерлер науқас соққыға жыққан хирургтің жағдайын айтты

0

Костанайда пациент соққыға жыққан дәрігерді санитарлық авиациямен елордадағы жедел медициналық көмек көрсету орталығына жіберуге дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Медициналық қызметкерлер зардап шеккен хирург-уролог Антон Кистановтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

"Дәрігер жабық бас-ми жарақатын, мидың ауыр дәрежелі соққысын алған. Оң жағында жедел субдуральды қан құйылу, сол жақтағы артқы бас сүйек шұңқыры негізінің жабық сызықтық сынуы (желке сүйегінің сынуы), оң жақ төменгі еріннің шырышты қабығының соғылған жарасы және желке тұсындағы жұмсақ тіндердің соғылған жарақаты бар. Шұғыл көмек көрсетіліп, телемедициналық консультациялардан кейін бүгін Антон Кистановты санитарлық авиациямен Астанаға, жедел медициналық көмек орталығына жіберу туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады Костанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен хирург-уролог Антон Кистанов облыстық ауруханада 6 жылдан бері жұмыс істейді. Ол – 34 жаста, ондаған адамның өмірін құтқарған. Үйінде оны жас жұбайы мен жаңа туған қызы күтіп отыр.
Облыс прокуратурасында хирургке шабуыл жасаған адамның ұсталғаны хабарланды. Оны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұл оқиғаға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та пікір білдірді. Ол жағдайды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен талқылаған. Костанай облысындағы ірі медициналық мекемелерге күзет бекеттерін орнату туралы шешім қабылданды.

"Ең алдымен бұл – облыстық және қалалық ауруханалар. Күзетті полиция департаментінің арнайы күзет қызметі қамтамасыз етеді. Бұл – ІІМ құрамына кіретін мемлекеттік құрылым. Бекеттер аурухана ішінде тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Медицина қызметкерлері жұмыс орнында өздерін қауіпсіз сезінуі керек. Олар өз еңбектерінің қорғалғанын білуі тиіс", – деді өңір басшысы.

Еске салайық, кеше Костанай облыстық ауруханасында хирург дәрігерді пациент аяусыз соққыға жыққан болатын. Дәрігер кезегін күтуден бас тартқан науқастың соққысынан есінен танып қалған. Қазір дәрігер жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net