Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

Жер үйді сақтандыру міндетті бола ма

0

Қазақстанда 2026 жылдан бастап тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін. Қазір баспананы сақтандырудың ерікті түрі ғана бар. Ерікті болғандықтан екінің бірі үйін жеке компанияларға сеніп сақтандыруға дайын емес. Мемлекет осы жүйені жетілдіруді көздеп отыр.

Ресми дерекке сүйенсек, ел аумағының 75%-ы жер сілкінісі, тасқын, орман өрті сияқты табиғи апаттар қаупі жоғары аймаққа жатады. 2024 жылы төтенше жағдайлардан келген шығын 460 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен. Соған қарамастан, еліміздегі тұрғын үй қорының небәрі 3,2%-ы ғана сақтандырылған. Сейсмикалық белдеуде делінетін Алматының өзінде бұл көрсеткіш – 7,7%.

Қазіргі заң бойынша тұрғын үйді сақтандыру мүлікті ерікті сақтандыру тәртібімен іске асады. Жұмыс істеп тұрған 25 сақтандыру ұйымының 15-інде ғана тиісті лицензия бар. Көп жағдайда азаматтар сақтандыруды банктің талабы бойынша рәсімдейді, әсіресе ипотека алғанда осылай. Мұндай шарттардың 96%-ы банк талабымен жасалады, ал шынымен сақтық үшін деп сақтандыруға жүгінетіндер тым аз.

Ерікті сақтандырудың артықшылығы таңдау еркіндігінде. Азамат тек өрт, су басу сияқты апаттар мен бөгде адамдардың әрекетінен ғана емес, барлық мүмкін қауіп-қатерден сақтандыру функциясын таңдай алады. Бағасына қарай ауқымы құбылып отырады.

Сақтандыру құнына не кіреді?

Баспана құны – қымбат мүлікке сақтандыру төлемі де жоғары.
Аймақтың қауіптілік деңгейі – сейсмикалық қауіп бар өңірлерде тариф жоғары.
Үйдің салынған жылы мен техникалық жағдайы.
Сақтандырудың көлемі – базалық немесе кеңейтілген полис.
Франшиза – төтенше жағдайда өз есебінен жабылатын сома.
Мысалы, нарықтық құны 30 млн теңге болатын пәтерге сақтандыру жылына 24 мыңнан 90 мың теңгеге дейін жетуімүмкін.

2026 жылы не өзгереді?

Үкімет әзірлеп жатқан заң жобасы бойынша, 2026 жылдан бастап бүкіл тұрғын үй иелері үшін табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізіледі.

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Мемлекеттік сақтандыру ұйымы (МСҰ) оператор ретінде жұмыс істейді. Бұл сақтандыру қорының өзін халықаралық деңгейде сақтандыруға мүмкіндік береді.
Жылдық төлемнің мөлшері мүлік салығына байланысты болады – базалық жарна – 1 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін.
Бұл жарна аймақтың қауіп-қатер деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.
Жер сілкінісі мен өртке төзімді етіп салынған баспанаға жеңілдетілген жарна қарастырылған.
Мемлекет әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жарнаны толық немесе ішінара өтеп береді.

Сақтандыру шарты қандай қатерлерге жүреді:

Сақтандыру не береді?

Апат болған жағдайда бастапқы кезеңде жедел көмек ретінде өтемақы қарастырылған. Мөлшері – төлеген жарнаның 500 есесі.

1 000 теңге төлегендерге – 500 000 теңге,
20 000 теңге төлегендерге – 10 млн теңге.
Бұл жүйе кейін үйді жөндеу мен жаңа баспана алуға мүмкіндік береді.

Баспананы міндетті сақтандыру қай өңірлерге ауадай қажет?

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша елде сел мен тасқын қаупі бар 2 республикалық маңыздағықала мен 6 облыс бар.

Сейсмикалық қауіп бар аймақтар – 2 қала мен 13 облыс;

Қауіп деңгейі төмен өңірлер: Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар және СҚО.

Айта кетсек, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев табиғи апаттар тәуекелдерін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

Сообщение Жер үйді сақтандыру міндетті бола ма появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net