Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

КОКП ОК саяси бюросының соңғы мүшесі өмірден өтті

0

КСРО-дағы қайта құру сәулетшілерінің бірі, КПСС Орталық Комитеті Саяси бюросының соңғы мүшесі Вадим Медведев қайтыс болды. Кеңестік партия қайраткері және экономист-ғалым 96 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Нива" басылымына сілтеме жасап.
Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы таратқан хабарламада:

"97 жасқа қараған шағында Вадим Андреевич Медведев өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз. Ол - Қоғамдық ғылымдар академиясының бұрынғы ректоры, көрнекті мемлекет және партия қайраткері, экономист, ғалым еді", – делінген мәлімдеме.

Медведев 1929 жылғы 29 наурызда Ярославль облысындағы Мохоньково ауылында дүниеге келген. Ленинград университетінің экономика факультетін тәмамдаған. 1970 жылдан бастап КОКП ОК аппаратында жұмыс істеді. 1980-жылдары ол КОКП ОК хатшысы, Идеология жөніндегі комиссияның төрағасы, Саяси бюро мен Президенттік кеңестің мүшесі болды.
Ол Михаил Горбачевтің жақын серіктерінің бірі болды және қоғамдағы демократиялық өзгерістерді қолдады.
КОКП ОК-де идеология мәселелерін қадағалай жүріп, Медведев идеологиялық және ақпараттық либерализацияға елеулі үлес қосты:- кейбір басылымдарға салынған тыйымды жоюға,- жазылуға қойылған шектеулерді алып тастауға,- "арнайы қордан" әдебиеттерді, соның ішінде Александр Солженицын мен Лев Троцкийдің еңбектерін қайта айналымға шығаруға бастамашы болды.- Сонымен қатар, сталиндік репрессия кезінде сотсыз жазаланған азаматтарға қатысты шешімдерді заң жүзінде жою туралы актілерді дайындауға қатысқан.- 1989 жылдың күзіне қарай жоғары оқу орындарындағы КОКП тарихы мен ғылыми коммунизм курстарының орнына әлеуметтік-саяси тарих пәнін енгізуді ұсынған.
Кеңестік жүйе күйреп, КСРО тарағаннан кейін Медведев саясаттан кеткен. Ол Ресей ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеп, "Горбачев қоры" жобаларымен айналысқан.
КОКП Саяси бюросының кейінгі құрамының өкілдері 2020-жылдары біртіндеп өмірден өтті. Мәселен, Михаил Горбачев пен Беларусь КСР-інің бұрынғы басшысы Николай Слюньков 2022 жылы, ал КСРО Үкіметінің бұрынғы төрағасы Николай Рыжков 2024 жылы қайтыс болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net