Бүгінгі жастар — бұрынғы ұрпақтың көшірмесі емес. Олар мүлде басқа кеңістікте, басқа ақпарат тасқынында, басқа жылдамдықта өсіп келеді. Олардың ойлау жүйесін бір сөзбен сипаттау қиын. Бірақ бір нәрсе анық: қазіргі жастар — өзгеше. Бірінші ерекшелік — сауал қоятын сана. Бұрын “мұғалім айтты — болды” деген жүйе болатын. Қазір жастар: “Неге?”, “Кім айтты?”, “Дәлелі қайда?” деп сұрайды. Бұл — қарсы шығу емес, сыни ойлау. Яғни олар айтылғанға сене салмай, оны ой елегінен өткізгісі келеді. Бұл – дамыған сананың белгісі. Екінші ерекшелік — жылдамдық пен қысқалық. Олар үшін үш сағаттық лекцияны тыңдағаннан гөрі, 30 секундтық видеодан мән-мағына табу оңайырақ. Ақпаратты...