Қоғамдағы еріктіліктің рөлі мен маңызы
Қазіргі заманда еріктілік (волонтерлік) – қоғамның әлеуметтік, мәдени және азаматтық дамуының маңызды тетіктерінің бірі ретінде танылып отыр. Бұл – адамдардың ішкі ниетімен, материалдық сыйақысыз, өз еркімен қоғамға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуі. Еріктілік – тек көмек көрсету ғана емес, бұл – қоғамға деген жанашырлық, азаматтық жауапкершілік пен белсенділік. Әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, волонтерлік қызмет ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты арттырып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік жүйесіне үлкен демеу бола алады.
Соңғы жылдары бұл ұғым Қазақстан қоғамында да кеңінен таралып, айтарлықтай қарқынмен дамып келеді. Бұрын тек қайырымдылық акцияларымен шектеліп келген еріктілік енді экологиялық, білім беру, мәдени, спорттық және әлеуметтік жобаларға...
