Журналист болу үшін тума талант керек пе?
Дәл осы сұрақ талай жас талапкердің көкейінде жүргені анық. Журналистика —кез келгеннің қолынан келе бермейтін, жауапкершілігі мол, қырағылық пен терең білімді талап ететін сала. Дегенмен бұл жолда табысқа жету үшін тума талант қажет пе, әлде еңбек пен білім жеткілікті ме? Осы бойынша сөз қозған көрелік.
Біріншіден, журналистикада басты құрал — сөз. Көңілге қонымды, оқырманды баурайтын ой айту — әркімнің қолынан келе бермейді. Тума талантты жастар осы қабілетті табиғи түрде игереді: оларда бай тіл, тапқырлық пен жылдам реакция бар. Бұл қасиеттер — журналистикаға таптырмас қару. Жазу қасиеті, өз ойын анық әрі ұшқыр жеткізу көп жағдайда баланың тума талантына байланысты. Танымал журналистердің пікірлерінше,...
