Арманға жол ашқан қазақ қызы
Арманға жол ашқан қазақ қызы
Қазақ қызы Альбина Бунеску бүгінде миллиондаған жанкүйері бар, әлемнің ең әйгілі футбол клубтарының бірі – «Реал Мадрид» командасының маркетинг департаментінде ресми түрде жұмыс істейді. Бұл жаңалықты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуана бөлісті.Альбина бұл жетістікке табандылығы мен тәуекелі арқылы жетті. Бір кездері ол Астанадағы пәтерін сатып, Мадридтегі университетке спорттық маркетинг мамандығы бойынша магистратураға түсті. Бұл оқу орнында офлайн форматта білім алған алғашқы қазақ студенті атанды.Оқу барысында алған білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік туды. Альбина жобалары мен академиялық жетістіктерінің арқасында үздік төрт студенттің қатарына еніп, әйгілі футбол клубында тағылымдамадан өту құқығына ие болды. Осылайша, ол «Реал Мадрид»...
