Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
Өмірде әр адам қиындықпен бетпе-бет келеді. Біреуге сәтсіздік үмітін үздірсе, енді біреуге жаңа мүмкіндік сыйлайды. Бастысы – қиындыққа мойымай, не болмасын алға жылжу керек. Өйткені дәл осы сәтте өмір саған жаңа жол ашып тұрған болуы мүмкін. Шын мәнінде, сәтсіздік – бұл жаңа мүмкіндік. Тек оны көре білу керек. Бұл туралы әлемге әйгілі тележүргізуші Опра Уинфри керемет үлгі бола алады.Опра Уинфри – әлемдегі ең табысты әйелдердің бірі. Бірақ ол жетістікке оңай жеткен жоқ. Балалық шағында кедейлікте өмір сүрді, жас кезінде үлкен әділетсіздікке тап болды, журналистикадағы алғашқы жылдарында жұмыстан қуылды. Бірақ Опра мойымады! Ол өзін дамытып, тележүргізушілікке...
