Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізілді: қазақстандықтарды не күтіп тұр

0

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап отандық денсаулық сақтау жүйесінде жаңа нормалар күшіне енеді. Мәжіліс пен Сенат мақұлдаған тиісті заң Президенттің қол қоюына жолданды. Қазақстандықтар мен денсаулық сақтау жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын Kazinform агенттігінің тілшісіне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді.

Министрдің айтуынша, басты жаңалықтардың бірі – медициналық қызмет пакетін нақты бөлу.

— 2021 жылы Мемлекет басшысы кепілдендірілген және сақтандыру пакетіне кіретін қызметті нақты ажырату қажет екенін тапсырды. Жаңа заң жобасы аясында қызметті нақты бөлдік. Бұл емханалар үшін барлық қаржы және пациент ағынын басқаруға мүмкіндік береді, ашықтықты қамтамасыз етеді, — деді Ақмарал Әлназарова.

Екінші маңызды өзгеріс – онкологиялық скрининг міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) пакетіне көшірілді. Бұл бүкіл халыққа онкологиялық ауруларды ерте анықтау қызметтіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Үшінші жаңашылдық жоспарлы медициналық көмек алудың аясы кеңейді.

— Бүгінде шамамен 3 миллион азамат МӘМС жүйесіне жарна төлемейді, сондықтан да олар жоспарлы медициналық көмекті ала алмай отыр. Осы санаттағы азаматтарға қатысты «Цифрлық отбасы картасы» аясында зерттеу жүргізілді. Бұл құрал отбасы мүшелерінің әрқайсысының табысын көруге мүмкіндік береді. Егер отбасында экономикалық қиындық бары анықталса, жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктің қаражаты есебінен сақтандыру мәртебесі беріледі, — деп түсіндірді министр.

Министрліктің есептеуінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шамамен 1 миллион адам жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді.

Реформаның тағы бір жаңа қыры – сақтандыру жүйесінің тұрақтылығына байланысты.

— Денсаулық сақтау жүйесі үшін барлық өзекті есеп жүргізілді. Қабылданған нормалар сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын 2043 жылға дейін және одан кейін де қамтамасыз етеді. Біз қаржылық тұрақтылықты қалап отырмыз, — деп толықтырды Ақмарал Әлназарова.

2026 жылғы қаңтардан бастап жарнаны есептеу базасының жаңа жоғарғы шегі енгізіледі, яғни жұмыс берушілер үшін — 40 ең төменгі жалақы, жұмысшылар үшін 20 ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді. Аталған өзгерістер жоғары табысы бар жұмысшылардың шамамен 9%-ын (500 мыңнан астам адам) қамтиды. МӘМС жүйесінің табыс бөлігінің өсімі жылына шамамен 200 млрд теңгені құрайды деп бағаланып отыр.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан МӘМС жүйесіне жарна мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру көзделіп отыр:

— 2027 жылы — 2,2%-дан бастап;
— 2037 жылы — 4,7%-ға дейін.

МӘМС жүйесінде жаңа норма енгізіледі — 5 жыл қатарынан тұрақты жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан жағдайда, 6 ай бойы мәртебесін сақтап қалады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 21 мамырда Мәжіліс МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізілген заңды қабылдады.

Биыл маусымдағы мәліметке сүйенсек, МӘМС аясында 1,1 трлн теңгеге медициналық көмек көрсетілді.

 

Сообщение МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізілді: қазақстандықтарды не күтіп тұр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net