Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2025

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі

0

2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында «111» байланыс орталығына шамамен 226 мың өтініш түсті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Kazinform агенттігі жолдаған ресми сауалдың жауабында айтылған.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, 123 мыңнан астам өтініш «111» нөміріне қоңырау шалу арқылы, ал 103 мыңға жуық өтініш QR-код хабарлама арқылы қабылданған.

Кімдер жиі хабарласады?

«111» байланыс орталығы өтініштерді жынысы мен жасына қарай тіркейді. Алайда өтініш үшінші тұлғадан, яғни туысы, педагог немесе әлеуметтік қызметшіден түскен жағдайда, жеке классификациясыз есепке алынады. Жалпы, ересектерден шамамен 122 мың өтініш келіп түскен, оның ішінде 13,5 мыңға жуығы әйелдерден, 104 мыңы – балалардан.

Ең көп хабарласатын өңірлер:

Алматы – 10 мыңнан астам;
Астана – 6,4 мыңнан астам;
Шымкент – шамамен 5,6 мың;
Түркістан облысы – шамамен 6,8 мың;
Алматы облысы – шамамен 6,3 мың.
Ең аз тіркелген өңірлер:

Солтүстік Қазақстан облысы – 1,5 мыңнан астам;
Ұлытау облысы – шамамен 900;
Абай облысы – шамамен 1,6 мың.
Сонымен қатар, Алматыда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы және Ақмола облысында өтініштердің өсуі байқалып отыр.

Әйелдер көбіне қандай мәселемен жүгінеді?

— Әйелдерді алдымен мазалайтын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері. Атап айтқанда, физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық, алимент төлемеу, баланы қамқоршылыққа алу дауы, әлеуметтік қорғау мәселесі, баспанасыз қалу, психологиялық қиындықтар мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелер, — делінген сауал жауабында.

«111» байланыс орталығы хабарласқан жандарға кеңес беріп, психологиялық көмек ұсынады, қажет болған жағдайда әйелдерді дағдарыс орталығына немесе тиісті қызметке бағыттайды.

— Егер әйелдің өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төнсе, қорғаныс немесе дағдарыс орталығына жолдама беріледі. Мұндай жағдайда физикалық, сексуалдық, психологиялық және экономикалық зорлық, зорлық қатері, әлеуметтік осалдық (кішкентай балаларының болуы, жүктілік, баспанасыз қалу тағы басқа), сондай-ақ әйел өзі көмек сұраса да негіз болады, — делінген жауапта.

Балалар қандай мәселелермен хабарласады?

Балалар әртүрлі себеппен байланысқа шығады.

— Балалар отбасындағы кикілжің, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ата-ананың ішімдікке немесе есірткіге тәуелділігі, ата-анасының ажырасуы, елемеу және эмоциялық оқшаулау, мектептегі буллинг, кибербуллинг, психоэмоционалдық күйзеліс, суицидтік ой, қатарластарымен қарым-қатынастағы қиындықтар, оқу үлгерімі мен құқығының бұзылғаны туралы жиі айтады. Кейбір өтініш бойынша баламен жай ғана сөйлесуді қажет етеді. Бұл ықтимал қауіпті дер кезінде анықтауға және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді, — деп түсіндіреді мемлекеттік корпораациядан.

Байланыс орталығы қалай жұмыс істейді?

«111» байланыс орталығының операторлары қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мақсатында тәулік бойы, демалыссыз, мереке күндері де жедел топпен тікелей байланыста жұмыс істейді.

— Орталық «осы жерде және қазір» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни көмек дәл жүгінген сәтте көрсетіледі. Профильді білімі бар мамандар дереу әрекет етіп, тиісті мемлекеттік органмен, қызметпен байланысып, кеңес береді, қажет болса, психологиялық қолдау көрсетеді, — деп нақтылады ведомство.

Сонымен қатар қажет болған жағдайда ұзақ мерзімді сүйемелдеу ұйымдастырылады, әсіресе қылмыстық істер бойынша.

«111» байланыс орталығы бірнеше мемлекеттік органмен бірлесіп жұмыс істейді:

құқық қорғау органдары (қауіп немесе қылмыс жағдайында);
психологиялық қызмет (суицидтік қауіп пен эмоционалдық күйзеліс кезінде);
медициналық ұйымдар;
қорғаншылық және қамқоршылық органдары;
әлеуметтік және отбасылық қолдау қызметі;
білім беру органдары;
әкімдік және жедел қызмет.
— Балалардың құқықтарының бұзылуы тіркелген барлық жағдайларда өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілге хабарланады7 Соңғы 12 ай ішінде тіркелген өтініштердің нәтижесінде 1,5 мыңнан астам іс құқық қорғау органдарына қарауға жолданды, — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет».

Өткен жылы «Азаматтарға арналған үкіметтің» 111 байланыс қызметіне кімдер көбірек жүгінетіні туралы жазған едік.

 

Сообщение «111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net