Кезекті комиссия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа мекеме, бөлім басшылары мен комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды. Кәмелетке толмағандар арасында отбасылық құндылық, тәлім-тәрбие және т.б. түрлі профилактикалық-ақпараттық тақырыптарды қамту арқылы аудандық БАҚ-та атқарылған жұмыстар мен медиа-жоспардың орындалу барысы мен кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын-алу және діни экстремизм мен терроризм және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мадина Прімбектің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында өтетін шаралар мен берілген тапсырмалар талқыланып, жауапты басшыларға тиісті нұсқаулар берілді.
Сообщение Кезекті комиссия отырысы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
