Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2025

Израиль Газа секторында ірі шабуыл бастады

0

Израиль әскері Газа секторында ірі шабуыл бастады. ЦАХАЛ тұтқындағы адамдарды босатып, ХАМАС-ты (АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған) жоюды көздейтінін мәлімдеді.

Газа секторында ірі шабуыл бастағанын Израиль әскері 17 мамырға қараған түні Telegram желісінде хабарлады.

"Гедеон шеңбері" операциясы аясында әскерге сектордың барлық стратегиялық аудандарын бақылауға алу міндеті қойылған.

ХАМАС-қа қарасты Газаның денсаулық сақтау министрлігі 15 мамырдан бері Израиль әскерінің шабуылынан шамамен 250 адам қаза болғанын хабарлады.

Израиль әскері "Гедеон шеңбері" атты операциясының атауын X желісіндегі иврит аккаунтында ғана қолданған, ал ағылшын тіліндегі аккаунтта бұл атауды пайдаланбады.

Газа секторындағы дереккөздерге сүйенген Ynet жаңалықтық сайты өңірдің солтүстігінде қатты жарылыс естілгенін жазды. Бұған қоса, Израиль әскері Газаның шығысын артиллериямен атқылағаны жөнінде де хабар таратады. Кей ақпаратқа қарағанда, тұрғын үйлер де соққыға ұшыраған.

Израиль наурыз айында екі айлық атысты тоқтату режимі үзілгеннен кейін әскери қимылды қайта бастаған. Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп Газа халқы аштықтан зардап шегіп жатқанын айтты.

Израиль әскері ХАМАС-тан қауіп сейілмейінше және тұтқындар үйлеріне оралғанға дейін операцияны тоқтатпайтынын және 24 сағатта Газа секторындағы 150 нысанға соққы беретінін мәлімдеді.

Times of Israel басылымының ақпаратынша, "Гедеон шеңбері" операциясы Израиль әскеріне Газа секторын бақылауға алып, сектордың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды көшіруге, осылайша ХАМАС-қа гуманитарлық көмекті бақылауға алуына кедергі келтіруге мүмкіндік бермек.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мамыр басында Израиль "Газаға жылдам басып кіруге" дайындалып жатқанын айтқан.

Израиль үкіметі Трамптың Таяу Шығысқа сапары аяқталмайынша операцияны бастамайтынын айтқан. АҚШ президенті аймақтан жұма күні ұшып кетті.

БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының жетекшісі Фолкер Тюрк Израильдің шабуылын айыптады.

"Бұл Газадағы халықты тұрақты көшіру талпынысына ұқсайды. Бұл халықаралық құқықты елемеу және этникалық тазартумен пара-пар" деді Тюрк Женевада.

БҰҰ мәліметінше, Газа халқына аштық қаупі төніп тұр.

Израиль үкіметі Газада азық-түлік жетіспей жатқанын талай рет мойындамаған.

ХАМАС 2023 жылы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіндегі елді мекендерге шабуыл жасағаннан кейін Израиль Газа секторында әскери қимыл бастаған. ХАМАС шабуылынан шамамен 1200 адам қаза болды, 250-ден астам адам тұтқынға алынды.ХАМАС-қа қарайтын Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғыс барысында ондаған мың палестиналық опат болған. Дегенмен бұл мәлімет тәуелсіз дереккөздермен расталған жоқ. Қаза болған палестиналықтардың қаншасы ХАМАС әскерінің құрамында болғаны туралы мәлімет жоқ.Наурыз айында Израильдің әскері Газа секторында ХАМАС-қа қарсы әскери қимылды қайта бастаған. Қазір ХАМАС-тың қолында 57 израильдік тұтқында отырғаны айтылады. Ондаған адам тірі емес деген болжам бар.ХАМАС-ты ливандық"Хезболла" қозғалысы қолдап, Ливан жағынан Израильді тұрақты түрде атқылап отырды. Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде әскери операция жүргізген, бірақ кейін өз әскерін көрші елдің аумағынан әкеткенін хабарлаған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net