Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2025

Қазақстанда кемінде екі белсенді әкімшілік қамауға алынды

0

Қазақстан аймақтарында полицияның бірнеше белсендіні ұстағаны хабарланды, кейбірі әкімшілік жазаға тартылған.

"Белсенділер экстремист емес" тобының жазуынша, 22 наурызда Оралда полиция белсенді Маруа Ескендірованы ұстап әкеткен. Оған "сот шешімін орындамау" (Әкімшілік кодекстің 669-бабы) бабы бойынша айып тағылған. Айыптың қандай оқиғамен байланысты екені белгісіз. Сот порталында оған шешім шыққаны жазылған, бірақ шешімнің өзін көру мүмкін емес. Шешімді басқан кезде "сіздің тізіміңіз бос тұр" деген жазу шығады. Істі судья Руслан Сейітқалиев қараған. Сенбі күні Азаттық Орал сотына хабарласқанмен жауап ала алмады. Кейін "Белсенділер экстремист емес" тобы оның белсендінің бес тәулікке қамалғанын жазды.

Бір күн бұрын Көкшетауда полиция азаматтық белсенділер Уәлихан Негметов, Марат Жанұзақов және Қуат Мұхамеджановты ұстаған. Ізінше Негметов пен Мұхамеджанов әрқайсысы 6 күнге қамалған.

Сот порталындағы мәліметке қарағанда, Қуат Мұхамеджанов 20 наурызда Facebook желісінде Мұхтар Әблязовтың жазбасына комментарий қалдырған. Ол "Көкшетау жатқандарың жетеді..." деп жазып, 23 наурызда алаңдағы акцияға келуге және қымбатшылықты тоқтатуға шақырып, осылайша "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзған".

Сот отырысы кезінде Қуат Мұхамеджанов өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Ол өзінің Facebook парақшасын алаяқтар бұзып кеткен болуы мүкін екенін жеткізген.

Сот порталындағы мәліметке қарағанда, белсенді Уәлихан Негметовке де жоғарыда айтылғандарға ұқсас айып тағылған. Ол да өзіне тағылған айыптарды мойындамай, аккаунтының қолды болғанын айтқан.

Бұған дейін шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын Наурыз мерекесі күндері ірі қала орталықтарындағы орындарда жинауға шақырған еді.

Мұхтар Әблязов 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында Қазақстан үкіметінде лауазымды қызмет атқарып, банк басқарған. Ол ел билігін сынап, саяси партия құрған соң түрме жазасына кесіліп, кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кешірімімен босап шыққан. 2009 жылдан бері шетелде тұратын Әблязов Назарбаев пен оның отбасын, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты үнемі сынайды.2018 жылы қарашада Қазақстан соты Әблязовты "2004 жылы Тұран-Әлем банктің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді" деген айыппен сырттай өмір бойына соттаған.2017 жылы Қазақстан билігі Әблязовты "ақша жымқырды", "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 20 жылға бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарған.Әблязов тағылған айыптарды мойындамайды және "саяси астары бар" деп жоққа шығарады.Астана соты Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған. Еуропарламент Қазақстанға қатысты қабылдаған қарарында оны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net