"Драма" мен "шоу" сипаты бар процесс. Бишімбаевтың соты миллиондаған адамның назарына ілінді
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын миллиондаған адам бақылап отыр. Арасында шетелдіктер де бар. Неліктен сот процесі жұрт назарына ілікті және Қазақстанда сот отырысын алғаш рет онлайн көрсетудің сыры неде?