Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2023

13 адам қаза болған хостелдегі өрт: Мемлекеттік органдар Almaty Hostel жөнінде білмеген, қонақүй тіркеуде болмаған

0
Мемлекеттік органдар Almaty hostel жөнінде білмеген - хостел тіркеуде болмаған. 30 қарашада Алматыдағы брифинг кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов осылай деп мәлімдеді. Бейсенбілік брифинг кезінде Алматыда жертөледе орналасқан хостелдер көп екені айтылып, егер мониторинг жүргізілген жағдайда мұндай өрттің алдын алуға болар ма еді деген сын айтылды.


- Бұл хостел жөнінде әкімдікте де, өзге мемлекеттік органдада да ақпарат болмаған. Төтенше жағдай департаменті мен өзге де мемлекеттік органдардың шағын бизнес нысандарын тексеруге құқығы жоқ. Бірақ 13-17 қараша аралығында “Жатақхана” акциясы жүргізілді, соның аясында жатақханалар мен жатақханаға берілген ғимараттар тексерілді. Алайда аталған хостел тіркеуде болмағандықтан ол тексерілмеді, - деді министр.


30 қарашада таңертең Алматы орталығындағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза болған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, олар газдан уланып өлген. Қаза болғандардың тізімі ресми түрде расталғаннан кейін жарияланатыны хабарланды.


Өрт кезінде хостелде 72 адам болған: 59-ы өз бетімен сыртқа шыққан. Арасында шетел азаматтары да бар. Өрттен 5 адам зардап шеккен: 1 адам токсикология бөліміне жатқызылды. Алдын ала ақпарат бойынша, газдан уланған. Тағы 4 адамның жарақаттары таңылған. Олар эвакуация кезінде денелерін жарақаттап алған. Оларға тиісті медициналық көмек берілген.


Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Бұған дейін хостелдегі өртке самокаттың зарядкаға қойылуы себеп болуы мүмкін деп хабарланған. Осы болжам жөнінде бейсенбі күні журналистер сұраған кезде төтенше жағдай министрі "ол жөнінде айту әлі ерте" деді. Ол өзі оқиға орнында болғанын, самокат көрмегенін жеткізді.


Алматы төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 1956 жылы салынған үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесіне орналасқан хостел 1,5 ай бұрын ашылған және жертөле бөлігі заңсыз хостелге айналдырылған. Хостелде өрт сөндіру құралдары болмаған, алайда сигнализация ойнаған. Оқиғаға байланысты "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.


Хостелдегі өртке байланысты үкімет комиссия құрылған.


Бейсенбілік брифинг кезінде өрттен қаза болған әрбір Қазақстан азаматына қала әкімдігі 1 млн теңге бөлетіні, қаза болған шетелдіктерге мәйіттерді еліне жеткізу бойынша көмектесетіні айтылды. 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net