Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2023

Мәжіліс даулы масс-медиа туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

0
Мәжіліс "Масс-медиа туралы" даулы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осыған дейін медиа қауымдастық өкілдері мен баспасөз құқығын қорғаушылар аталған құжат осы күйде қабылданса, елде сөз бостандығы шектеледі деп қауіптенген.


"Қазіргі заңнама ақпарат кеңістігінің даму қарқынына ілесіп үлгермей жатыр. Сондықтан уақыттың өзі мүлде жаңа заңды қабылдауды талап етті" деді мәжілісте баяндама жасаған ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева.


Министр заң жобасы "сөз еркіндігін қатаң сақтай отырып, журналистердің кәсіби мәртебесін көтеру және мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру мәселелерін шешетін болады" деді. Оның айтуынша, парламентке түскен бес ай ішінде жобаға қатысты 20-дан астам отырыс өтіп, министрлік, үкіметтік емес ұйымдар мен масс-медиа сарапшыларының қатысуымен 200-ден аса толықтырулар енгізілген.


Бұған дейін журналистер қауымдастығы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы істерге қатысты талап қою мерзімінің шектелмеуі БАҚ-ты қудалайтындарға ыңғайлы деп мәлімдеген. Баспасөз қорғаушылар бұл мерзімді материал жарияланғаннан кейін бір жыл деп шектеуді сұраған. 


Бұған қоса, пресс-карта бойынша да шарттар да журналистерді алаңдатып отыр. Жобаға сәйкес, журналист мәртебесі баспасөз картасымен расталады. Бұл картаны министрлік жанындағы комиссия береді. Карта алу үшін журналистің кемі үш жыл еңбек тәжірибесі, журналистика немесе соған ұқсас салада жоғары білімі болуы шарт. Дипломы жоқ адамдар салада кем дегенде бес жыл жұмыс істеуі керек. Баспасөз қорғау ұйымдары бұл цензура құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін деп санайды және оны алып тастауды талап еткен. 


30 қарашада ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева екінші оқылымға дейін жобадағы даулы тұстар ескеріледі деп мәлімдеді. 


Журналистер мен баспасөз ұйымдарының пікірінше, "құжат қабылданса, ақпарат құралдарына мемлекет бақылауы күшейеді". Бейсенбі күні министр мұндай пікірмен келіспейтінін жеткізді. 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net