Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2023

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау шаралары жалғаса береді

0

Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, оның ішінде Президент Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта, халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету арқылыжүзеге асырылуда. Барлық жұмыспен қамту шаралары Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жасалады.

Бұл туралы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарыМейірманов Ғалижан Советұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

2023 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында құрылатын 67 968 жұмыс орнының 65 722 құрылып, 96,7% орындалды.

Жыл басынан бері облыс бойынша 62 274 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 99%-ға орындалды. Ал субсидияланатын жұмыс орындарына 15 084 адам орналасып, бекітілген жоспар 111,8%-ға орындалып отыр. Жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға 284 адам жолданды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге 190 отбасы, 605 адам қоныс аударды.

Ал, биыл атаулы әлеуметтік көмекпен58 340 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,5 млрд.теңге қаржы қарастырылған.

Жыл басынан жалпы еңбекке қабілетті 10236 адамның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2162 адам тартылған. Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 78,9% құраған.

Басқарма жұмысының үшінші бағыты - мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Бүгінге облыс көлемінде 45 601 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл санаттағы азаматтардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаржы бөлінген. Өткен жылы 1,9 млрд.теңге қарастырылған болатын.

Өңірде мемлекеттік қолдау шараларынының нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында қызметтер көрсететін мекемелердің желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net