Жамбыл облысында жауапты мекеме электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген
Жамбыл облысының прокурорлары өңірде электр энергиясына тариф заңсыз көтерілгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ЖамбылЖарықСауда-2030" ЖШС облыс тұрғындарына электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі.
2022 жылы 30 мамырда серіктестік өз шығысына қосымша 1 миллиард 841 миллион теңге қосу қажеттігін айтып, тарифтің мөлшерін арттыру талабымен тағы да монополияға қарсы органға жүгінді", - деп хабарлады прокуратура.
Монополияға қарсы орган серіктестіктің талабын қанағаттандырмай, тарифтің өсуіне жол бермеді. Алайда, ЖШС сотқа жүгініп, сот монополистің талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
"2023 жылы 5 қыркүйекте облыс прокуратурасының өтініші бойынша облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы белгіленген сот актісінің күшін жойды.
Жоғары сот прокурордың монополисте электр энергиясына тарифті көтеру үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы дәлелдерін негізді деп таныды", - деп түсіндірді прокуратура.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
