Түркі әлемінің ең алғашқы халықаралық ұйымы
ТҮРКСОЙДЫҢ 30 жылдығы – бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға
Ел Президенті, мемлекетіміз түркітілдес елдермен қарым-қатынастарды дамытып, олармен ынтымақтасуға ерекше маңыз береді, ол біздің сыртқы саясатымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Тарихи деректерге сәйкес Орталық Азия, оның ішінде бүгінгі Қазақстан аумағы тұтас түркі әлемінің қара шаңырағы саналады. Сондықтан еліміздің түркі елдерінің мәдени, рухани, экономикалық және саяси ықпалдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамалары мен нақты қадамдары өзге бауырлас мемлекеттер тарапынан қызу қолдауға ие болуда.
2022 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде 2023 жылы түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сы саналатын ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 30 жыл толатынын...
