Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2023

"Бүйрек бар, дәрігер жоқ". Шымкентте науқастар дәрігер-трансплантологты қайтаруды талап етті

0
Бүгін, 11 шілдеде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына жиналған жиырма шақты адам №1 қалалық клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігері, трансплантолог Абылай Донбайды қызметіне қайтаруды талап етті.


Басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбеков оларды басқармаға кіргізіп, Абылай Донбай бақылау комиссиясы шешімімен жұмыстан босатылғанын, трансплантациялау тоқтамайтынын мәлімдеді.


Абылай Донбай "Нұрлыбек Асылбеков қысым жасап, заңсыз жұмыстан шығарды" деп санайды.


Денсаулық сақтау басқармасының алдына жиналғандардың арасында 54 жастағы Райхан Сәбденова үш жылдан бері бауырын ауыстыруға кезекте тұрғанын айтты. Оның сөзінше, қызы Әсел Сейілхан донор болуға келіскен, ертең дәрігер-трансплантолог Абылай Донбайдың ота жасайтыны жоспарланған. Бірақ 10 шілдеде Абылай Донбайдың жұмыстан шығарылғанын естіген.


- Ауруханада бауыр ауыстыратын басқа дәрігер жоқ. Дәрігерлер анамның небәрі екі ай өмірі қалғанын айтқан. Оның бір айы өтіп кетті. Алматы, Астанаға баруға денсаулығы жарамайды. Енді отаны кім жасайды? - дейді Райхан Сәбденованың қызы Әсел Сейілхан.


Райхан Сәбденова сияқты бүгін, ертең ота жасатуға дайындалып жүрген жиырма шақты адам басқарма басшысынан Абылай Донбайды жұмыстан шығару себебін түсіндіруді талап етті.


Науқастарды қабылдаған басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбековтің сөзінше, "жыл басынан бері Абылай Донбай басқарған №1 қалалық клиникалық ауруханасынан 25 шағым түскен. Оған қоса аурухананың шаруашылық, есеп-қисап ісінен кемшілік шыққан. Емдеу сапасы төмендеген".


Асылбеков Абылай Донбайға бұған дейін ескерту, қатаң екерту берілгенін, бас дәрігерді жұмыстан шығару туралы шешімді басқарманың бақылау комиссиясы шығарғанын айтты. Оның айтуынша, ауруханада трансплантация жұмысы тоқтамайды, бірақ нақты қай дәрігер-трансплантолог ота жасайтыны белгісіз.


Басқарма басшысының жауабына қанағаттанбаған науқастар президентке дейін шағымданатынын айтты.


Ал Абылай Донбай жұмыстан шығарылғанын Асылбековтен көреді, "бір жылдан бері ізіме түсіп, тырнақ астынан кір іздеді" деп санайды.


- Мысалы, еңбекке жарамсыздық парағымен демалыс алғаным үшін қатаң сөгіс берілді. Сегіз айдан бері тексерістен көз ашпадық. Дәл қазір ауруханада бүйрек ауыстыруды күтіп төрт науқас, бауыр ауыстыруды күтіп бір науқас жатыр. Оларға ота жасайтын дәрігер жоқ. Шымкент қаласының өзінде бүйрек ауыстыруға мыңнан аса адам, бауыр ауыстыруға үш жүзге жуық адам кезекте тұр. Мені жұмыстан заңсыз шығарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан тағы араша сұраймын. Сотқа шағымданамын, - деді Абылай Донбай.


2022 жылы Абылай Донбай әлеуметтік желі арқылы президенттен араша сұраған. Ол кезде де Асылбековтен қысым көргенін мәлімдеген. Көп өтпей басқарма басшысы мен бас дәрігер татуласып, түсінбестік болғанын мәлімдеп Абылай Донбай кешірім сұраған.


2019 жылы Абылай Донбай Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалған. 2020 жылы "заңсыз ағза ауыстырды" деген күдікке ілінгенмен Астанадағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты бас дәрігерді ақтаған. "Трансплантация жасаған дәрігерлер құжаттардың жалған екенін білмеген. Сот шешімінде "барлық операция ресми түрде рәсімделген құжаттармен жасалған" деп көрсетілген.




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net