Қоғамның басты жауы
Қоғам- адамдардан құралған орта. Ал жау деп біз осы қоғамды құлдырататын, дамуын тежейтін әсерді айтамыз. Қазіргі біздің даму үстінде жүрген қазақ қоғамының басты жауы - жемқорлық. Неліктен жемқорлық?
Біріншіден, қазіргі адамдар ақшаны ар, намыстан жоғары қояды. Яғни ақшаның құлы болу әсерінен деп сипаттауға болады. Адам тек өзінің жайлы өмір сүруін қамтамасвз еткісі келеді. Ал оның қандай жолмен іске асыратынын ойланғысы келмейді Местрий Плутарх "Қоғам игілігіне арналған істен өз пайдасын көздеген жан, қабірді де тонауға қабілетті" депті. Жемқорлар жерін де, елін де ойлағысы келмейді.
Екіншіден, әділетсіздіктің таралуы. Мысалы егерде тест, экзаменнен парақорлық арқылу өткізу әсерінен білім деңгейі төмен қызметшілер...
