Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2023

Жамбыл облысында 11 су қоймасы салынады

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте вегетациялық кезеңнің өту барысы, су қоймалары мен каналдардың бүгінгі жағдайы туралы талқыланды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков күн тәртібіндегі мәселе туралы баяндама жасады. Ол су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің өңірлік жол картасы аясында облыс бойынша 257 су шаруашылығы нысанына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын жеткізді.

Басқарма басшысы коммуналдық меншіктегі 250 нысанның 56-сының жобалық — сметалық құжаттамасы әзірленгендігін, 74-нің сметалық құжаттарына аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, дайындалуда екендігін атап өтіп, қалған 120 нысанның құжаттарын дайындауға аудан әкімдіктері қаражат қарастырмағандығын ашып айтты.

Өз кезегінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекеменің теңгерімінде 113 су қойма мен бөгеттер тіркелгендігін жеткізді.

Жалпы, өңірдегі апатты жағдайда тұрған 23 су қоймасының 13-і 2021-2022 жылдары жөндеуден өтсе, қалған апатты су қоймаларында биыл жөндеу жұмыстары жүруде.

Облыста алдағы жылдары су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 11 су қойманың құрылысы жоспарланған.

«Жамбыл су қоймалары» КММ теңгеріміндегі жаңадан соғылатын сегіз су қоймаға «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жүргізуге оң қорытынды алынған.

Басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық филиалының су пайдалану бөлімінің басшысы Қайсар Бестерековтің де есебі тыңдалды.

Облыс әкімі барлық жұмыстар сапалы әрі жоспарлы мерзімінде орындалу керектігін ескертіп, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуде немқұрайлылық танытып отырған аудан әкімдері мен басқарма басшыларын сынға алды. Құжаттарды уақыт созбай әзірлеуді, каналдарды жаңғыртуға облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды жыл соңына дейін сапалы игеруді тапсырды.

Аймақ басшысы бұл жұмыстардың суармалы су мәселесін шешудегі әсерін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов суармалы су тапшылығы ауа-райына, көрші елден келетін су көлеміне байланысты екендігін де тілге тиек етіп, су каналдарын жөндеу, жаңа су қоймаларын салу, ұңғымаларды қазу жұмыстарының маңыздылығына да тоқталды.

Қолда бар су көлемін арнайы кесте арқылы кезекпен беру, заңсыз су сорғыларын орнатуға жол бермеу мәселелеріне назар аудартты.

— Біз көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруалар мен «Қазсушар» мекемесінің су жеткізу бойынша арнайы келісімге отыру керектігін ескерткенбіз. Соған сәйкес, шаруалар да түсіністік танытып, егіс алқаптарына суды әр шамада қажет ететін дақылдардың түрін есеппен отырғызуы керек еді. Қазір судың жетіспеушілігін айтып шағымданған шаруалар жоқ емес. Демек, бұл ретте «Қазсушар» мекемесі мен аудан әкімдіктерінің үйлестіру жұмыстары өз деңгейінде орындалмаған,-дей келе Нұржан Нұржігітов жауаптылардың сылбыр жұмысына тиісті баға берілетінін баса айтты.

Сондай-ақ, кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша орындаушылық тәртіп қаралды.

Облыс әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы Жарқын Әбдіжапар мен облыс әкімінің кеңесшісі баяндама жасап, аймақ басшысының аудандардағы жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалу деңгейі қаралды.

— Біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтырдан бері аудан, ауылдардағы тұрғындармен кездесудеміз. Аудандағы іссапарлар мен кездесулердегі, жеке қабылдаудағы азаматтардың өтініштері мен көтерген мәселелерін заң аясында нәтижелі шешуге тиіспіз. Дегенмен, ол мәселелер қаншалықты шешілуде, сапасы ойдағыдай ма? Біз енді осы сұрақтарға жауап ретінде, тұрақты түрде талдап, тапсырмалардың орындалуын бақылап отырамыз. Әр басшы ай сайын кемінде бір азаматтың мәселесін шешуі керек деген міндет те назардан тыс қалмауы керек,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Сообщение Жамбыл облысында 11 су қоймасы салынады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net