Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2023

Сот шешіміне қаржы министрлігі қарсы. "Қаңтар оқиғасында жәбірленгендерге өтемақыны біз емес, жәбірлеген орган төлеуге тиіс"

0
Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалған, кейін кінәсі делелденбей босатылғандарға өтемақыны "оларға залал келтірген орган төлеуге тиіс" деп санайды. 


Қаржы министрлігінің ұстанымы бүгін Өскемен қаласының тұрғыны Ренат Жұбақовқа өтемақы төлеуге келіспей, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына түсірген шағымында айтылған. 


26 мамырда Астананың Есіл аудандық соты Ренат Жұбақовтың өтемақы сұраған талабын ішінара қанағаттандырып, 5 миллион теңге беру жөнінде шешім шығарып, өтемақыны қаржы министрлігіне жүктеген еді.


Бұл шешімге келіспеген қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалған Ренат Жұбақов “заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған”,  сондықтан оған өтемақыны тікелей залал келтіруші - құқық қорғау органдары өтеп беруге тиіс деп есептейді. 


Министрлік уәжіне қарағанда, әрбір мемлекеттік мекемеде қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік сыныптама болады. Сол құжатта атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау бойынша шығындар да көрсетіледі. Яғни, мемлекеттік мекеменің міндеттемелері өз иелігіндегі ақшамен жабылады.


Ал Ренат Жұбақов қаржы министрлігі мемлекеттік органды қаржыландыратын мекеме болғандықтан, "одан өтемақы талап ету – заңды құқығымыз" деп санайды.


Ренат Жұбақов Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, екі ай қамауда болған. Тоғыз ай қаладан шықпау туралы қолхатпен жүрген. Кейін, 2022 жылы желтоқсанда оның “кінәсі дәлелденбегендіктен” жауапкершіліктен босатылған. ШҚО прокуратурасы кешірім сұраған.


4 шілдеде Астана қалалық әкімшілік соты Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған, әрі азапталып, екі көзінен айырылған 38 жастағы Ермек Әбдірешовтың өтемақы туралы талап арызына байланысты істі қарағанда прокурор өтемақы төлеуге тиіс орган ретінде қаржы министрлігін атаған. Алайда сотқа келген қаржы министрлігінің өкілі Мүнира Кәрімова "өтемақыны Әбдірешовтің денсаулығына залал келтірген ведомстводан сұрау керек" деген уәж айтқан. Судья Назгүл Арапбаева сот шешімін кейінге қалдырған.


Қаржы министрлігі бұдан бұрын Өскемен тұрғыны, Қаңтар оқиғасының қатысқан Ерқанат Жеңісұлына да өтемақы төлеуге келіспеген. Астананың Есіл аудандық соты Жеңісұлына 10 миллион теңге моральдық өтемақы беріледі деп шешім шығарған. Бірақ қаржы министрлігі апелляциялық сатыда өтемақыны құқық қорғау органдары беруге тиіс деген уәж айтқан.


Апелляциялық сот қаржы министрлігін жауапкершіліктен босатпаған, алайда 26 сәуірде өтемақы мөлшерін екі еседен артық - 3 миллион теңгеге азайтқан.  





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net