Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2023

Жамбыл облысында ТМД-дағы алғашқы желілік кампус ашылды

0

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бас ғимаратында ТМД елдерінде тұңғыш жүзеге асырылатын желілік кампус жобасының таныстырылымы өтті.

Бұл – Дулати университеті, «Қазфосфат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің бірлескен жобасы. «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын химия өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлауды көздейтін желілік кампустың таныстырылымы Химия өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.

Жоғары білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын, алғаш рет жұмыс беруші тарапты да бірге қамтыған желілік кампустың таныстырылымы барысында арнайы көрме де назарға ұсынылды. Ол негізгі ғалымдардың еңбектері мен жобалары, жастар ұйымдарының жасаған жұмыстары секілді үш бағытты қамтиды.

Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов, «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры Ғани Тоқсанбаев қатысты.

Сондай-ақ, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университетінің ғалымдары мен «Қазфосфат» ЖШС өкілдері, ұстаздар қауымы да білім беру ісіндегі бірегей жобаның ашылу сәтіне куә болды.

Еркін Үйсімбаев шараға қатысушыларды құттықтап, бұл бастаманың тек облыс үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

– Өздеріңіз білетіндей мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жоғары білімге қолжетімділік мәселесі өзекті болып қала беретінін айтып, беделді шетел университеттерінің бес филиалын ашуды тиісті министрлікке тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алғашқылардың бірі болып Дулати университеті, Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және еліміздегі химия өнеркәсібінің негізгі жұмыс берушісі «Қазфосфат» ЖШС арасында «Қос диплом» бағдарламаларын іске асыру бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім жасалды. Бірлескен келісім оң нәтиже беретініне сенімдімін, – деді Е. Үйсімбаев.

Аталмыш жобаның дамуына облыс әкімдігі де өз үлесін қосуда. Келер оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 55 білім гранты бөлінсе, оның 25-і «Химиялық инженерия және процестер» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған.

Биыл желілік кампус аясында «Бейорганикалық заттар технологиясы» атты алғашқы қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылады. Негізгі бағыты – тыңайтқыштар өндіру. Жаз айында бағдарламаға алғашқы қабылдау өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа университеттерінен бағдарламаның бірінші курсына да, екінші және үшінші курсына да түсуге болады. Мәселен, бірінші курс студенттері үшін 175 орын, екінші және үшінші курстарға 150 орын қарастырылған.

Айта кетейік, түлектер М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Менделеев университетінің қос дипломын алып шығады.

Сообщение Жамбыл облысында ТМД-дағы алғашқы желілік кампус ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net