Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2023

"Қолымнан ұсташы, әке". Болгария халқын тебіренткен портреттер топтамасы

0
Ересек ұлдардың әкесімен қол ұстасқан портретін түсірген фотографтың жобасы көптің жүрегінен орын алып, халықаралық деңгейге шықты.




Валерий Поштаровтың портреттерінің астына қалдырылған коментарийлерді оқысаңыз, қолданушылардың тебіренген түрлі пікірін көресіз. 


“Жылап отырмын”, — деп жазды Instagram қолданушылардың бірі.  


“72 жастамын, әкемнің қолынан тағы бір рет ұстау үшін бәрін берер едім”, — дейді тағы бір кісі.




Поштаровтың 10 және 12 жастағы екі ұлы бар. Фотограф “Әке мен бала” деп аталатын жобасын бастауға ұлдарымен серуендеп жүргенде “балаларыммен қол ұстасып жүретін кез де аяқталады ғой” деген ой түрткі болғанын айтады.




“Әкемізден қол үзіп, өз бетімізше өмір сүруді бастағаннан оны қайта ұстауға батылдық жинағанша ондаған жыл өтеді”, — дейді ол.




Поштаровтың жобасы Болгарияда саяхаттап жүргенде кездейсоқ және арнайы түсірілген әкесі мен баласының қол ұстасқан портреттерінен тұрады. Фотограф өзіне ұнаған кейіпкерлермен Facebook арқылы байланысып, фотосессияға шақырады.




Фотограф кейіпкерлерімен кездесіп, ер адамдарға (әкесі мен баласына) қол ұстасып, суретке түсу керегін айтқанда көбі ыңғайсызданып қалады. Ересек ұлдар бір кездері әкесінің қолынан ұстап жүрген бала болғанын ұмытып кеткендей қысылады.




Поштаров “әкенің қолынан ұстау қиын, өйткені ерлер өзінше қалыптасқан, дара тұлға екенін көрсеткісі келеді”, — дейді.




“Бұл — есеюдің бір бөлігі. Әлемге шығып, жеке тұлға болып қалыптасқың келеді. Кейін есейгенде қайта оралып, қайдан шыққанымызды, кім екенімізді еске түсіреміз. Өзіңе және өз қоғамыңа адал болу деген екі түрлі аспектіні біріктіруіміз керек”, — дейді фотограф.




Бұл портретте Болгарияның шығысындағы Болярово қаласында тұратын күзетші мен ұлы жаңа ғана коммерциялық келісімшарт жасасқан бизнес-серіктестерге ұқсайды.




Сәуірде Поштаровтың жобасы Lensculture Portrait Awards 2023 фотобайқауында жеңіске жетті. Фотограф жобасын халықаралық деңгейде жалғастыруды жоспарлап отыр. Жақында осы мақсатта Грузияға барады.




Поштаров әкесі мен баласының портреттер сериясын Кавказдан бастамақ. “Ол жақта тілді де, жерді де білмеймін. Сондықтан Болгариядағыдай артықшылық болмайды. Қазір Грузияның фрилансерлерімен жұмыс істеп жатырмын. Солардың көмегімен, грузин мәдениетіне жаңаша қарай бастадым”, — дейді ол.




Фотограф жұмыстарын Fujifilm GFX100S камерасына түсіреді және үнемі 45mm, 2.8 объективін қолданады. Жапон камерасының датчигі үлкен, бұл барынша анық суреттер шығаруға көмектеседі.




“Жобаның қай деңгейге дейін дамитынын көргім келеді. Өзім үшін әке деген — отбасы шеңберінен де үлкен тұлға. Ол — адам болмысының символы, бәріміз өз болмысымызды табуға ұмтыламыз. Құндылығымызды бөліскенде, болмысымыз да бірігеді. Әке мен баланың қол ұстасуының мәні де осында”, — дейді Поштаров.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net