Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2023

Қазақстан мен Өзбекстан әскери жаттығу өткізіп, "заңсыз қарулы топты жойды"

0
Ташкент әскери округы полигонында Өзбекстан мен Қазақстан қарулы күштерінің "барлау мен шартты қарсыласты жою бойынша" бірлескен "Қалқан-2023" жаттығуы өтті. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлады.


Оқу-жаттығу жоспары бойынша, екі елдің бірінде шоғырланған заңсыз қарулы топ ықпалын кеңейтуге тырысады. 


"Есірткімен заңсыз айналысатын топтардың қарулы қақтығысы шиеленістің одан әрі өршуіне әкеледі. Есірткі трафигінің бағыттарын қамтамасыз ету мақсатында көршілес елдің биік таулы аймақтарында тірек базаларын, қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын жерлерді құру әрекеттері байқалады. Деструктивті күштер Ангрен бағытында ерекше белсенділік танытады. Шекара нарядтарына оқ жаудырады" деп жазылған министрлік хабарламасында. 


Хабарламадағы ақпаратқа қарағанда, жаттығу кезінде мемлекеттік шекараны қорғау нығайтылып, "шекара белдеуіндегі қарсыластың шағын топтарын жою бойынша қос мергеннің іс-қимылы пысықталған". Ал "негізгі бөлімшелерді қолдану аймақтарына жылжытуды барлау қызметі қамтамасыз еткен".


Қазақстан жағынан жаттығуға армия мен әскери көлік авиациясы, парашюттік даярлық орталығының мамандарынан барлығы 60 әскери қызметкер қатысқан. 


Хабарламада сонымен бірге аталған жаттығу "бірлескен операцияға дайындалу және Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері бөлімшелерінің бірлескен қарым-қатынасы барысында өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға" бағытталғаны жазылған. 


"Қазіргі кезде әлемнің түрлі аймақтарында тұрақсыздық, шиеленіс пен қарулы қақтығыстардың халықаралық қатынаста алдыңғы орынға шығуы және мұндай жағдайдың аймаққа жақын аумақтан байқалуы әскери саладағы ынтымақтастықты нығайтуды талап етеді" деп жазылған Өзбекстан қорғаныс министрлігі хабарламасында. 


Жаттығу кезінде дрон арқылы "дұшпанның" ықтимал жасырынған жері де анықталып, соққы жасалған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net