Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2023

Түркіменстанда наразылар мен полиция қақтығысып қалды

0
Түркіменстанда өткен аптаның соңында Дашогуз уәлаяты Кенеуіргеніш ауданында бірнеше айдан бері субсидиямен берілетін азық-түлік өнімдері келмегеннен кейін екі дайхан бірлестігінде (ауыл шаруашылығымен айналысатын ұйым) наразылық акциясы өткен. Наразылықтан бірінші болып ақпарат таратқан "Түркіменстан хроникасы" басылымының хабарлауынша, наразылыққа 100-ден астам адам қатысқан. Азаттықтың Түркімен қызметі ақпараттың растығын анықтай алды.


Бұл ақпаратқа қарағанда, наразылар мен оқиға орнына келген полицейлер арасында текетірес болып, шамамен 15 адам ұсталған.


28 сәуірде "Тазе яп" дайхан бірлестігі ғимаратының алдына 100-ден астам адам келіп, наурыз бен сәуір айында берілуге тиіс болған ұн мен майды талап еткен. Тұрғындар өзге ауыл тұрғындарына азық-түлік беріліп қойғанын, ал өздері бірнеше айдан бері ала алмай жүргеніне шағымданған.


Жергілікті билік өкілдері жиналғандарды сабырға шақырғанымен, халықтың ашуы басылмаған.


Екі сағат өткеннен кейін тағы бір "Заман" атты дайхан бірлестігінде шамамен 180 тұрғын сондай талаппен жолды жапқан. Басылымның жазуынша, соның нәтижесінде жолдың екі жағында жүк көліктері мен жеңіл көліктер жиналып қалған.


Оқиға орнына келген полиция мен жол қадағалау қызметінің өкілдері халықты тарауға көндіре алмаған.


Басылым наразылардың бірінің "Балаларымыздың тамағы жоқ! Жеке кәсіпкерлерден ұн сатып алатын ақшамыз жоқ. Бізге ұн мен май беріңдер" деген сөзін келтіреді.


Полицейлер халықты көлік өтетін жолдан ығыстыруға тырысқан. Сол кезде наразылар мен полицейлер қақтығысып қалған. Бір полицейдің жейдесі жыртылған.


Жергілікті ақсақалдар кеңесі араласқаннан кейін жағдай тұрақталған, бірақ наразылар жолдан кетпеген.


Осыдан кейін акция орнына Кенеуіргеніштен шенеуніктер келіп, бірнеше сағат ішінде май әкелуге уәде берген.


Сол күні түнгі сағат 11 мен таңғы 4 аралығында жергілікті мемлекеттік дүкендерде аталған екі бірлестікке наурыз және сәуір айларында берілуге тиіс болған азық-түлік әкелінген.


Наразылармен қақтығыстан кейін шамамен 15 адам ұсталған. Олар жөнінде ақпарат айтылмайды.


Елдің солтүстігіндегі наразылардың талабы жөнінде мемлекеттік БАҚ әдеттегідей хабар таратқан жоқ. Жергілікті әкімшілік өкілдері Азаттықтың Түркімен қызметінің сұрақтарына жауап бермеді.


Түркіменстанда өмір сапасының нашарлауы және экономикалық дағдарысқа байланысты халықтың басым бөлігі субсидиямен берілетін азық-түлік түрлеріне тәуелді. Мұндай тауарлар мемлекеттік дүкендерде төмен бағада сатылады. Алайда билік аймақтарды азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмай келеді.


Кейінгі айларда елде азық-түліктің кешіктірілуі мен оны алып тастау талпынысына байланысты халық арасында наразылық байқалады. Шамамен екі апта бұрын Азаттық Ахал уәлаятындағы Кака қаласында халық наразылық білдіріп, нәтижесінде мемлекеттік дүкендерде нанның бағасын өсіру жоспары кейінге қалғанын жазған.


Билік қалыптасқан ахуалды реттеудің орнына мәселені қозғаған азаматтарды қудалап келеді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net