Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2023

Алматыда журналист Думан Мұхамедкәрім ұсталды

0
Алматыда журналист Думан Мұхамедкәрім ұсталды. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтың хабарлауынша, полициядан учаскелік инспектор хабарласып, журналисті ұстағанын хабарлап, бөлімшеге шақырған.


"Учаскелік инспектор хабарласып "Думанды 488-баптың 12-бөлігі бойынша ("бейбіт жиын тәртібін бұзу") ұстадық, аудандық басқармаға апара жатырмыз. Кешегі видеосында "митингіге шақыру жоқ қой" деп едім "келе беріңіз. құжат дайындадық. бұйрықты күтіп отырмыз" деді. Қазір сол жаққа бара жатырмын" деді адвокат Азаттық тілшісіне.


Полиция әзірге жауап бермеді.


Журналист Думан Мұхамедкәрім 30 сәуір күнгі “Не дейді?” YouTube-арнасында жарияланған видеоға байланысты ұсталған болуы мүмкін. “1 мамыр қазақты мазақ қылу мерекесі. Үйден шықпаңыздар, диваннан тұрмаңыздар, ал мен шығамын” атты видеода журналист Қазақстанда атап өтілетін “Қазақстан халқы бірлігі күні” мерекесін сынап, Қазақстан халқы ассамблеясы қазақ халқының мүддесіне қайшы әрекет етіп отыр деп санайтынын жеткізеді.


Адвокат Ғалым Нұрпейісов аталған видеода “митингіге шақыру” жоғын айтады.


Бұған дейін "бейбіт жиын тәртібін бұзу" бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылған белсенді жексенбі күнгі видеосында "енді әкімшілік емес, қылмыстық жауапқа тартамыз" деп өзіне қоқан-лоқы жасалғанын айтқан.


"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім шамамен екі апта бұрын 25 күндік әкімшілік қамаудан босап шыққан. Мәжіліске кандидат болған Думан Мұхаммедкәрім сайлау нәтижесіне келіспейтінін айтып, жұртты бейбіт наразылыққа шақырған еді. Ізінше "бейбіт жиын тәртібін бұзғаны үшін" 25 күнге қамалды.


1 мамырда елде "оппозиция митингісі өтеді" деген күні Алматы мен Астанада қауіпсіздік күшейіп, полиция митинг орны аумағынан бірнеше адамды ұстап әкеткен. Астанада – кемінде екі белсенді ұсталған, Алматыда Орталық саябақта арнайы жасақ "Қытайға жол жоқ" деген жазуы бар плакат ұстаған бірнеше адамды күштеп ұстап әкеткен.


Бұған дейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы жалақы мен зейнетақыны өсіру, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу, Жаңаөзенді қолдау, тұтыну несиесін кешіру сияқты талаптармен жақтастарын 1 мамырда бейбіт митингіге шақырған.


Құқық қорғаушылар билікті "бейбіт жиын өткізіп, пікірлерін ашық айтқысы келгендерді, билікті сынағанларды қудалады" деп жиі сынайды. Ресми Астана елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net