Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2023

Шыңжаң түрмесінде отырған Қытай қазағы қайтыс болғаны хабарланды

0
Қытайдың Шыңжаң аймағында абақтыда отырған дінтанушы Бақытхан Мырзан 61 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Азаттық оның туыстарына сілтеме жасап хабарлады.


Мырзан қайтыс болғанын тіркелмеген "Нағыз Атажұрт еріктілері" қозғалысының белсендісі Серікжан Біләш те Twitter-де жазды.




Осыған дейін Бақытхан Мырзанның қарындасы Алмахан Мырзан Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында талай рет пикетке шығып, ресми Пекиннен ағасын босатуды және Қазақстанға келуіне рұқсат беруді сұраған.


Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Мырзанның қазасы жөніндегі хабарға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.


Алмахан Мырзан ағасы 2018 жылы діни рәсім атқарғаны үшін 14 жылға сотталғанын айтқан. Қытайда тұратын туыстары Бақытхан Мырзанның денсаулығы нашарлап кеткенін айтып, үйқамаққа босатуды сұраған.



Қытайдың Шыңжаң өлкесінде байырғы кезден бері тұратын қазақ, ұйғыр, қырғыз және өзге де мұсылман халық өкілдері "саяси лагерьлерге" жаппай қамалғанын халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен әлемдік баспасөз жиі жазып келеді.
БҰҰ есебінше, Қытай билігі Шыңжаңда 2017 жылдан бері лагерьлер ашып, бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылманды қамаған. Оларға Қытай заңдары мен коммунистік партияны дәріптейтін өлеңдерді жаттатқызып, қытай тілін оқытқан.
Зерттеушілер Пекин Шыңжаңдағы халық санын азайту үшін әйелдерді стерилизациялап, түсік жасатқанын мәлімдеген. Лагерьден шыққан әйелдер ол жерде сақшылар зорлағанын, ал ер адамдар қамауда азапталғанын айтқан. Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптады.
Саяси лагерьлерді "кәсіпке баулу орталығы" деп, ал Шыңжаңда жүргізіп отырған саясатын "экстремизммен күрес" деп атайтын Қытай билігі әлгіндей айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарғысы келеді. Батыс елдері мен БҰҰ өкілдерін Шыңжаңға кіргізуден бас тартқан Пекин мемлекеттік ақпарат құралдарынан Шыңжаңдағы "бақытты өмірді" көрсетуге тырысады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net