Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2023

Тбилисиде парламент маңында наразылар мен полиция тағы қақтығысып қалды

0
Тбилисиде парламент ғимараты маңындағы жағдай күрделі. Бейсенбіге қараған түні арнайы жасақ наразыларға жас ағызатын газ шашты. Бұдан соң кейбір демонстранттар оларға жанғыш зат толтырылған бөтелке лақтырды деп жазды Азаттықтың Грузин қызметі. Сәрсенбі күні сәл ертерек полиция мен наразылар қақтығысып қалған.


Тбилисиде бірнеше күннен бері "шетел агенті" заңына қарсы наразылық өтіп жатыр. Сәрсенбі күні полиция наразылыққа қатысқан ондаған адамды ұстаған. Күш құрылымдары демонстранттарға жас ағызатын газ, шулы граната қолданып, су шашқан. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан адамдар зардап шеккенін де көруге болады.




Бұған дейін наразылар даулы заң жобасын кері қайтарумен қатар, ұсталғандарды босатуды да талап еткен. Сәрсенбі күні талаптары орындалмағаннан кейін оппозиция наразыларды парламент ғимараты маңын қоршауға үндеген еді. Олар осылайша 9 наурызда өтетін парламент отырысына кедергі жасамақ болған. Бірақ осыдан кейін наразылар мен полиция қақтығысып қалған.


Күш құрылымдары наразыларды парламент маңынан күштеп тықсырған.




Paper Kartuli басылымының мәліметінше, наразылық акциясына кемінде 10 мың адам қатысқан.




8 наурызда Тбилисиде Әйелдер маршы өтіп, оған қатысушылар парламент маңына келіп, наразыларды қолдады. Маршқа қатысушылар "шетел агенті туралы" заң жобалары әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін үкіметтік емес ұйымдарға зиян тигізіп, жұмысына кедергі жасайды деді.


Оппозицияның айтуынша, "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" және "Шетел агенттерін тіркеу туралы" деп аталатын екі заң жобасы Грузия құрамына кіруге ұмтылып отырған Еуропа одағының ережелеріне қайшы және ол үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына көп кедергі жасайды. Заң жобасындағы талап бойынша, табысының 20 пайыздан астамын шетелден алатын ұйым жыл сайын декларация толтырып, қандай мақсатқа ақша жұмсағаны жайлы есеп беріп отыруы керек.


Билікшіл "Халық күші" фракциясы жетекшілерінің бірі Гурам Мачарашвили заң жобасы АҚШ 1938 жылы қабылдаған FARA (The Foreign Agents Registration Act) заңының тәжірибесі бойынша жасалды деген уәж айтқан. Алайда оппозиция мұны "демагогия, шын мәнінде, осы заңдар арқылы билік азаматтық белсенділік пен ой-пікір еркіндігін Ресейдегідей басып-жаншығысы келеді" деп есептейді.


Аталған заң жобаларын парламент 7 наурызда бірінші оқылымда мақұлдаған. 150 депутаттың 76-сы құжатты қолдап, 13-і қарсы шыққан, 61 депутат қалыс қалған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net