Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2023

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды

0
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 9 наурызда әскери сотқа сүйенген мемлекеттік БАҚ осылай деп хабарлады.


Ақпаратқа қарағанда, Мұрат Бектановқа Қылмыстық кодекстің "билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша (451-бап, 3-бөлім) айып тағылған. Бұрынғы министр Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, үстінен іс қозғалған. Үкім биыл 24 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотында оқылған. Оған қозғалған іс "құпияланған" істер санатына жатқызылған. Сот жабық өтті.


Бұған дейін Бектановтың қорғаушылары немесе туыстары ақпарат құралдарына шықпады.


Мұрат Бектанов ісі әскери сотқа берілгені былтыр қазанда белгілі болған. Әуелі Бектанов "қызметтік міндетін орындамау" бабы бойынша күдікке ілінгені айтылған. Кейін ол "билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша күдіктіге айналды. Тергеу органдарының болжамынша, Қаңтар оқиғасы кезінде елде төтенше жарияланған шақта Бектанов "заңсыз бұйрықтар беріп", "әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырған".



Қазақстанда 2022 жылы қаңтар басында сұйытылған газ күрт қымбаттап, елдің батысында наразылық басталған. Кейін ол өзге аймақтарға ұласып, кейбір қалаларда бүлік, тәртіпсіздіктер болды. Алматыда қарулы адамдар әкімдік пен президент резиденциясын басып алып, өртеді. Билік елде төтенше жағдай жариялап, "елге сырттан террористер шабуылдағанын" айтқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялап, ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.
Елде Қаңтардағы "тәртіпсіздіктерге қатысы бар" деген айыппен бірнеше лауазымды тұлға қамалған, арасында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағы лауазымды тұлғалардың бірі, ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов те бар. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталды.
Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қаңтар оқиғасын билік біржақты тергеді, қаза болғандар мен азаптауға ұшырағандар ісі әділ қаралған жоқ деп мәлімдеген. Қазақстан билігі мұндай тұжырымды мойындамайды.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net