Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2023

Белсенділер өздерін сайлаудан "жаппай заңсыз шеттетіп жатқанын" айтты

0
Бүгін, 9 наурызда Алматыда бірнеше белсенді баспасөз жиынын өткізіп, өздерін сайлаудан "заңсыз шеттетіп жатқанын" айтып шағымданды. Айтуларынша, сайлауға екі апта қалғанда жергілікті комиссиялар "мүлік салығы жөніндегі декларацияларынан қате тауып", кандидаттар қатарынан алып тастаған. Белсенділер шешімді негізсіз деп санайды.


Алматы қаласындағы №5 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелген Аида Әлжанова "салық декларациясындағы сәйкессіздік кесірінен сайлаудан шеттетілген". 


– Тренинг жайлы әдістемеге авторлық құқықты көрсетпегенім үшін алып тастады. Бұл мүліктік құқыққа жатпайды, себебі авторлық сыйақы туралы келісім жоқ. Сондықтан оның салық декларациясына ешқандай қатысы жоқ. 12 күн бойы мен үгіт-насихат жұмысын жүргіздім, оған қаражатты өз қалтамнан жұмсадым. Бірақ кенеттен олар маған жұмысты тоқтату керек екенін айтты, - деді Аида Әлжанова.


Алматы қаласындағы №3 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына кандидат болған Рүстем Амангелді де салық декларациясындағы сәйкессіздікке байланысты "сайлаудан шеттетілген". Ол мұның "қандай да бір астары" болуы мүмкін деп топшылайды. 


"Саяси науқаннан шеттетілген" кандидат Әділ Ормановқа "декларациядағы сәйкессіздік" туралы хаттама кеш жеткен. Алматыдағы №4 сайлау округінен түскен кандидаттың салық декларациясынан "қате табылған".


– Салық декларациясында ипотекада тұрған пәтерімді көрсеткенмін. Мен әлі 3 миллион теңге төлеуім керек, оны да көрсеттім. Деректерімде сәйкессіздік бары туралы хаттама 1 наурызда шыққан, ал маған 6 наурызда жетті. Бұл мемлекеттік органдардың өзара жұмысының сапасын көрсетіп отыр, – дейді Әділ Орманов.


Баспасөз жиынына белсенді, заңгер Әлнұр Ілияшев те қатысты. Ол сайлауға "өтелмеген соттылығы бар тұлғалар сайлауда кандидат бола алмайды" деген себеппен үміткер болып тіркеле алмағанын бұған дейін Азаттық жазған. Белсенді сотқа жүгінгенімен Алматының әкімшілік соты талабын қанағаттандырмаған.


Азаттық жергілікті сайлау округтерінен белсенділердің уәжіне байланысты жауап ала алмады. Бұған дейін Қазақстан сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов тәуелсіз кандидаттардың сайлаудан шеттетілуі мен олардың қоғамдық белсенділігі арасында ешқандай байланыс жоғын айтып, "үміткерлер сотқа шағым беріп, сайлауға қатысуға қайта талпынып көре алады" деп мәлімдеген еді. 


Осыған дейін Қазақстанның өзге өңірлеріндегі белсенділер де өздерін "біртіндеп  сайлаудан шеттете бастағанын" айтқан. 7 наурызда Астана соты тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының мүшелері, азаматтық белсенділер Марат Жыланбаев пен Амангелді Жахиннің "ерте үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салу туралы" бірінші инстанциядағы шешімді өзгеріссіз қалдырған. Екі белсендінің сайлаудан шеттетілуіне осы жайт себеп болған. 


ОСК ақпан соңында жалпы республика бойынша 524 адам өздерін мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынғанын хабарлаған. Қазіргі кезде олардың қаншасының кандидаттығы тоқтатылғаны белгісіз. 


Кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді. Мәжілістегі 98 депутаттың 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бірмандатты округ бойынша сайланады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net