Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2022

Өскемендегі ХҚКО-да кезекте тұрған ресейліктер көп. Қалада пәтер бағасы қымбаттады

0
Кейінгі бірнеше күнде Ресеймен шекаралас Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) кезекте тұрған ресейліктер көбейді. ХҚКО-ларда ресейліктерге бөлек, жергілікті халыққа бөлек кезек ашылған. Азаттық тілшісі бақылаған екі күн ішінде де қаладағы бірнеше ХҚКО-да ондаған адам тізіліп тұрды.


Ресей азаматтары ХҚКО-дан ЖСН алып, сол арқылы банк картасын ашуды ойлайды.


21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде "ішінара" мобилизация жариялаған соң Қазақстанмен шекаралас облыстардағы шекара өткелдерінде және қалалардағы ХҚКО-ларда кезек көбейген. Ресейліктердің бір бөлігі "мобилизациядан" қашып, Қазақстанға өткен.


Өскемендегі №3 ХҚКО баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы журналистерге ресейліктер туралы айтуға "тыйым салынғанын" жеткізіп, бар ақпаратты қалалық миграциялық қызметтен алуды сұрады. Ал миграциялық қызмет пен ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі "келушілер туралы мәлімет бар екенін", бірақ "басшылықпен келіспей бере алмайтынын" айтты.


Өскемендегі ХҚКО-ларда кезекте тұрғандардың басым бөлігі ер адам екені байқалады. Көбі журналистермен тілдесуге құлықсыз. Өзін Андрей деп таныстырған ер адам "Ресейде ешқашан соғысып көрмеген адамдарды отқа айдап жатыр" деді.


Ал Новосібірден әйелімен бірге Өскеменге көлікпен жеткен Александр "Новосібірде де, өкінішке қарай, агрессияны қолдайтындар көп. Теледидарда, әлеуметтік желілерде блогерлер ашық айтпаса да біз кін кінәлі емеспіз дегенді меңзейді. Қысқаша айтқанда, жұртты жаңылыстырады. Байқағаным, Өскеменде де пропағандаға сенетіндер, себебі мұнда да ресейлік арналар көрсетіледі ғой" деді.


Халыққа қызмет көрсету орталығына ресейлік танысының баласын алып келген елу жас шамасындағы жергілікті ер адам "Балаларға обал, мына тұрғандардың қайсы қару ұстап көрді дейсіз? Соғысса өледі де қалады" деп көзіне жас алды.


Кейінгі күндегі Өскеменде пәтер бағасы да қымбаттағаны байқалады. Өскеменде 21 қыркүйекке дейін бір-екі бөлмелі пәтерлер айына шамамен 70-130 мың теңге болса, қазір "Крыша" сайтында айына жалдау құны 200-300 мың теңгелік пәтерлер жиі кездеседі.


"Қаладан екі бөлмелі пәтерді бір айға 200 мың теңгеге жалға алдым. Бұл қалада бұрын мұндай баға болмапты. Бірақ Новосібірмен салыстырғанда өте төмен. Мұнда такси де арзан екен" деді өзін Евгений деп таныстырған жас жігіт.


Азаттық тілшісі тілдескен ресейліктер Өскеменге "туыстары, таныстары тұратындықтан" не "Ресейге жақын болғандықтан" келгенін айтады. Кейбірі заңда рұқсат етілген 90 күнді толық Қазақстанда өткізетінін, әрі қарай не істейтінін білмейтінін, жағдай тұрақталса Ресейге қайтуы мүмкін екенін айтады. Кейбіреуі "басқа шетелге кетудің жолын іздейміз" деді.


Путин Ресейде мобилизация жариялаған соң мобилизациядан қашқан мыңдаған ресейлік Қазақстанға келген. Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы шекараларда кезек көбейген. Қазақстан ішкі істер министрлігі 21-27 қыркүйек арасында елге 98 мың ресейлік кіргенін хабарлаған.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейліктер Қазақстанға "амалдың жоғынан келіп жатыр" деді және бұл жағдайды "саяси және гуманитарлық мәселе" деп атады. Ол елге келген Ресей азаматтарына "қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беру керек" деді. Бұған қоса, Тоқаев "сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді" деп мәлімдеген.




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net